ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Матай Інжілі, 19-тарау, 3-12-тармақтар)

gospel image
Және Оған фарисейлер келіп, Оны еліктіріп, Оған былай деді: адамға өз әйелімен кез келген себеп бойынша ажырасуға рұқсат па?
Ол оларға былай деп жауап берді: алдымен еркек пен әйелді Жаратқан оларды жаратқанын сендер оқымадыңдар ма?
Және былай деді: сондықтан адам әкесі мен анасын тастап, өз әйеліне жабысады, және екеуі бір тән болады,
сондықтан олар енді екі тән емес, бір тән. Сонымен, Құдай қосқанды адам ажыратпасын.
Олар Оған былай дейді: қалайша Моисей ажырасу хатын беруді және онымен ажырасуды тапсырды?
Ол оларға былай дейді: сендердің мейірімсіздігтеріңе бола Моисей әйелдеріңмен ажырасуға рұқсат берді, бірақ басында олай болмады;
бірақ Менің сендерге айтарым: кім әйелімен зинақорлық үшін емес ажырасса және басқасына үйленген болса, ол зинақорлық жасайды; және ажырасқанға үйленген зинақорлық жасайды.
Оның шәкірттері Оған былай дейді: егер адамның әйеліне міндеті осындай болса, онда үйленбеген жөн.
Ол оларға былай дейді: барлығы осы сөзді бірдей қабылдай бермейді, бірақ біреулерге беріледі,
өйткені анасының құрсағынан осылай туылған кестірілгендер бар; және адамдардан тарттырылған кестірілгендер бар; және өздерін Аспан Патшалығы үшін кестірілген еткен кестірілгендер бар. Кім қабылдай алса, қабылдасын.
Сілтеме көшірілді