ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Матай Інжілі, 18-тарау, 23-35-тармақтар)

gospel image
Сондықтан Аспан Патшалығы өз құлдарымен есеп айырысқысы келген патша сияқты;
ол есеп айырыса бастағанда, оған он мың талант қарыз болған біреу келді;
оның төлейтін ештеңесі жоқ болғандықтан, оның патшасы оны және оның әйелін, балаларын және оның қолындағы бәрін сатуға және төлеуге бұйырды;
сонда сол құл құлап, оған бас иіп, былай деді: патша! маған дұшар болшы және мен саған бәрін төлеймін. 
Патша құлына жаны ашып, оны босатты және оның қарызын кешірді.
Сол құл болса шығып, оған жүз динарий қарыз болған өзінің жолдастарының біреуін тапты, және оны ұстап алып, тұншықтырып, былай деді: маған қарызды қайтар.
Сонда оның жолдасы оның аяғына құлап, жалбарынып былай деді: маған дұшар болшы және мен саған бәрін қайтарамын.
Бірақ анау қаламады, қарызын бергенше барды да оны зынданға отырғызды.
Оның жолдастары оқиғаны көріп, қатты қайғыланады және келіп, өз патшаларына барлық болғанды айтып береді.
Сонда патша оны өзіне шақырады және былай дейді: зұлым құл! сен менен сұраған соң, мен сенің барлық қарызыңды кешірдім;
мен саған рақым еткендей, сен де өз жолдасыңа рақым көрсетуге тиіс емессің бе?
Және ашуланып, оның патшасы оған барлық қарызын бергенше оны азаптаушыларға берді.
Егер сендер өз бауырларыңның оның күнәларын бар жүректеріңмен кешірмесеңдер, Менің Аспандағы Әкем сендермен дәл осылай жасайды.
Сілтеме көшірілді