ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Марктан Інжілі, 3-тарау, 28-35-тармақтар)

gospel image
Сендерге шынайы айтамын: қандай жала жабу болмасын, барлық күнәлар мен қулық-сұмдықтар адам ұлдарына кешіріледі;
бірақ кім Киелі Рухқа жала жабатын болса, сол мәңгі кешірілмейді, бірақ ол мәңгі сотталуға жатады.
Ол осы туралы айтты, өйткені олар: Онда арам рух бар, – деді.
Оның Анасы мен ағалары келіп, үйден тыс жерде тұрып, Оны шақыруға жіберді.
Оның жанында халық отырды. Және Оған былай деді: міне, Сенің Анаң және Сенің ағаларың және Сенің әпкелерің, үйден тыс Сені сұрайды.
Оларға былай жауап берді: Менің Анам мен Менің бауырларым кім?
Және Өзінің айналасында отырғандарға қарап, былай дейді: міне, Менің Анам мен Менің бауырларым;
өйткені Құдайдың еркін кім орындаса, сол Менің ағам, әпкем және Анам болады.
Сілтеме көшірілді