ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Марктан Інжілі, 4-тарау, 24-34-тармақтар)

gospel image
Және оларға былай деді: не еститіндеріңді, байқаңдар: қандай шамамен өлшесеңдер, тыңдайтындар сендерге сонша өлшеніп, және қосылып берілетін болады.
Өйткені кімде бар болса, соған беріледі, ал кімде жоқ болса, онда одан қолында бары да тартып алынады;
Және былай деді: Құдай Патшалығы жерге тұқым тастаған адам сияқты,
және ұйықтап, түнде және күндіз тұрады; және тұқым сияқты өсіп, өнеді, бірақ ол білмейді,
өйткені жердің өзі алдымен көкті шығарады, содан кейін масағын, содан кейін масақта толық дән шығады.
Жеміс піскеннен кейін, дереу орақ әкелінеді, өйткені егін ору уақыты келді.
Және былай деді: Құдай Патшалығы неге тең? немесе оны қандай астарлы әңгімемен суреттейміз?
Ол қыша дәніне ұқсайды, ол жерге себілген кезде жердегі барлық тұқымдардан аз болады;
ал егілген кезде, ол барлық дәнді дақылдардан асып, үлкен бұтақтарын тарқатады, тіпті аспан құстары оны көлеңкесінде паналай алады.
Және осындай көптеген астарлы әңгімелермен олар қанша ести алғанша оларға сөздерді уағыздады.
Астарлы әңгімелерсіз оларға айтпады, ал шәкірттеріне барлығын оңашада түсіндірді.
Сілтеме көшірілді