ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Лукадан Інжілі, 4-тарау, 22-30-тармақтар)

gospel image
Барлығы Оған осыны растады, және оның аузынан шыққан рақым сөздерге таң қалып, былай деді: Иосиф ұлы емес пе?
Ол оларға былай деді: әрине, сендер Маған: дәрігер! Өз Өзіңді емде; Капернаумда біз естіген нәрсені Өз отаныңда да жаса, деп айтасыңдар.
Және оларға былай деді: сендерге шынайы айтарым: ешқандай пайғамбар өз отанында қабылданбайды.
Мен сендерге шынайы айтарым: Израильде Илия күнінде жесірлер көп болды, аспаннан үш жыл алты ай жаңбыр жаумаған кезде, бүкіл жер бетінде үлкен ашаршылық болды,
және олардың ешқайсысына Илия жіберілген жоқ, тек Сидонның Сарепта қаласындағы жесірге жіберілді;
сондай-ақ, Елисей пайғамбардың кезінде Израильде алапес адамдар көп болды, және олардың ешқайсысы Сириялық Нееманнан басқасы тазарған жоқ.
Мұны естіген синагогадағы барлық адамдар ашуланды, 29 және тұрып, Оны қаладан қуып шығарып, Оны құлату үшін қала салынған таудың басына апарды;
бірақ Ол олардың ортасынан өтіп, шығып кетті.
Сілтеме көшірілді