Аптаның сол бірінші күні кешке шәкірттері жиналған үйдің есігі иудейлерден қорқып жабылған кезде, Иисус келіп, ортаға тұрып: сендерде тыныштық болсын, — деді!
Осыны айтып, Иисус оларға қол-аяғын және бүйірін көрсетті. Шәкірттері Иемізді көріп қуанды.
Иисус оларға екінші рет: сендерде тыныштық болсын! Әкем Мені қалай жіберген болса, Мен де сендерді солай жіберемін, — деді.
Осыны айтып, ол үрлеп: Киелі Рухты қабылдаңдар, — деді!
Кімнің күнәларын кешірсеңдер, оларға кешіріледі. Кімге қалдырсаңдар, оларда қалады.
Бірақ он екінің бірі, Егіз деп аталатын Фома Иисус келгенде, олардың қасында болмады.
Басқа шәкірттері оған: Біз Иемізді көрдік, — деді. Бірақ ол оларға: егер мен Оның қолындағы шегенің іздерін көрмесем, саусағымды шегенің ізіне салмайынша және қолымды Оның бүйіріне қоймайынша, мен сенбеймін, — деді.
Сегіз күннен кейін Оның шәкірттері және Фома олармен бірге үйде болды. Есік жабылған кезде Иисус келіп, олардың ортасында тұрып: Сендерде тыныштық болсын! — деді.
Сосын Ол Фомаға: саусағыңды мына жерге қойып, Менің қолымды көр. Маған қолыңды беріп, қабырғама қой; сенімсіз емес, сенімді бол, — деді.
Фома Оған жауап бере: Ием менің, Құдайым менің! — деді.
Иисус оған: Мені көргендіктен сендің. Көрмесе де сенгендер бақытты, — деді.
Иисус шәкірттерінің алдында осы кітапта жазылмаған басқа да көптеген кереметтер жасады.
Бірақ бұл сөздер Иисустың Христос, Құдай Ұлы екеніне сенулерің үшін және сену арқылы Оның аты арқылы өмірге ие болуларың үшін жазылған.