Ақтөбе және Қызылорда епископы
24 желтоқсан 1965 ж.
1 мамыр 2022 ж.
3 қаңтар 1998 ж.
2 қаңтар
Ақтөбе және Қызылорда епископы, Игнатий (Сидоренко Игорь Александрович) 1965 жылы 24 желтоқсанда Қырғыз ССР-інің Фрунзе қ. дүниеге келді. 1973-1983 жж. Қазақ КСР-нің Жамбыл облысы Георгиевка ауылының орта мектебінде оқыды. 1984-1986 жж. Қарулы Күштер қатарында шүғыл әскери борышын өтеген.1988 жылы 24 қарашада Алматы қ. Никольск шіркеуінде шомылдыру рәсімінен өтті.
1989-1994 жж. Алматы энергетика институтының жылуэнергетика факультетінде «жылу электр станциясының инженері» мамандығы бойынша оқыды. 1994-1797 жж. Алматы қ. ЖЭО-1-де мамандығы бойынша жұмыс істеді.
1997 жылы 21 қыркүйекте Алматы қ. Вознесенский кафедралы соборында Алматы және Семей архиепископы Алексий оны диакон дәрежесіне көтерді; 24 қыркүйекте Алматы обл. Боралдай ауылындағы Иверский шіркеуінің діни қызметкерлеріне қосылды.
1998 жылы 3 қаңтарда архиепископ Алексийдің батасымен ІІІ Алматы округі шіркеулерінің құрметті өкілі , Алматы обл. Ащыбұлақ ауылындағы Сергиев шіркеуінің басшысы болып тағайындалып, иеромонах Софроний (Евтихеев) оған қасиетті шейіт Игнатий Богоносец құрметіне Игнатий деген атпен шаш қию рәсімін жасады.
1998 жылы 27 наурызда Алматыдағы Вознесенский соборында архиепископ Алексий оны дін қауымының басшысы дәрежесіне көтерді.
1998-2000 жж Алматы епархиялық теологиялық училищесінде сырттай оқудан өтті.
2000 жылдың 3 ақпанында Павлодар обл. Железинка ауылындағы Свято-Троицк шіркеуінің басшысы болып тағайындалды. 2004 жылдың 27 сәуірінен бастап Алматы обл.Есік қаласындағы Покров шіркеуінің басшысы қызметін атқарды.
2009 жылы 19 сәуірде Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кирилл оны игумен дәрежесіне көтерді.
2000-2012 жж. Мәскеу теологиялық семинариясында сырттай оқыды.
2011 жылдың 1 желтоқсанында Астана епархиясының жастар ісі жөніндегі комиссиясының төрағасы болып тағайындалды. 2012 ж. 11 ақпаннан бастап – ОПШ Қазақстан Митрополиттік округінің жастар ісі жөніндегі комиссиясының төрағасы. 2012 жылдың 1 наурызында Есік шіркеу округінің құрметті өкілі болып тағайындалды.
2012 жылдың 1 тамызында Алматы теологиялық семинариясында төртінші курстың «Сектатану» және «Миссиология» пәндері оқытушысы болып тағайындалды.
2012 жылдың 7 желтоқсанынан - Қазақстан Библия қоғамының президенті.
2013 жылдың 25 сәуірінде Алматы обл. Талғар қ. Никольск шіркеуінің басшысы болып тағайындалды. 2015 жылдың 12 желтоқсанынан бастап Астана епархиясының Епархиялық кеңесінің мүшесі қызметін атқарды.
2013-2017 жж. Санкт-Петербург теологиялық академиясының «Православиелік теология» мамандығы, «Догматикалық теология және патрология» мамандандыру бойынша магистратурада сырттай оқудан өтті. «Постпротестантизм және секталар жағдайында православиелік миссияның мүмкіндіктері» атты кандидаттық диссертациясын қорғады.
2017 ж. бастап – ОПШ Қазақстан Митрополиттік округінің жастар ісі жөніндегі Синодтық бөлімінің коллегия құрамындағы өкілі.
2022 жылғы 24 наурыздағы (№6 журнал) Қасиетті Синодтың шешімімен Ақтөбе және Қызылорда епископы болып сайланды.
2022 жылдың 3 сәуірінде Алматы қ. Вознесенский кафедралы соборында Астана және Қазақстан митрополиті Александр архимандрит дәрежесіне көтерді.
Ол 2022 жылдың 6 сәуірінде Мәскеудегі Құтқарушы Мәсіх соборының Тақ залында епископ атанды. Тағайындалу 1 мамырда Құтқарушы Мәсіхтің соборындағы Литургияда кезінде өтті. Ғибадат етуді Патриарх Кирилл жүргізді.
Петропавл епархиясында жыл сайынғы танымдық «Жаппай диктант» атты акциясы өтті
ТолығырақМитрополит Александр келіп жеткен Ұлы постта Андрей Критскийдің тәубеге келу канонының бірінші оқылымын орындады
ТолығырақҚарағанды және Шахтинск архиепископы Севастиан Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Алғыс күніне арналған іс-шараларға қатысты.
Толығырақ