30 наурыз 2025 жыл – Ұлы посттың 4-ші аптасы, Синай тауының игумені қасиетті Иоанн Лествичникті еске алу күні; Құдайдың адамы қасиетті Алексийді еске алу күні.
Осы жексенбіге арналған синаксарийде (жарғылық ілім) былай делінген: "Қасиетті Иоанның бүкіл өмір жолы үздіксіз дұға ету және Құдайға деген өлшеусіз сүйіспеншілік болды. Иоанн соншалықты құдайшылдықпен еңбек ете отырып, құтқарылу туралы ілімді түсіндірген және рақымға толы жазбаларды тұсіріп, Құдайды лайықты түрде құрмет тұтып, басқа да көптеген туындылары қалдырған Лествица деп аталатын кітап жазды".
Астана және Қазақстан митрополиті Александр еліміздің бас шіркеуі – Республика астанасының Успен кафедралды соборында Ұлы Василийдің Құдайлық Литургиясын өткізді.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: астана приходтарының құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев), Успен кафедралды соборының кілтшісі иеромонах Димитрий (Байдек), қасиетті Серафим Саровский шіркеуінің клиригі иеромонах Силуан (Синегубов), Кишинев қаласындағы Харлампий ұлы шейітінің құрметіне арналған шіркеудің клиригі протоиерей протоиерей Иоанн Гондю, митрополиттің жеке хатшылығының басшысы иеромонах Прохор (Ендовицкий), Астаналық құрметті өкілдіктің православиелік жастар қозғалысының жетекшісі иерей Григорий Куликов, иерей Сергей Дианов, Митрополит округі Басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров; диакондық рәсімді Патриархалдық архидеакон Константин Барган және митрополиттің хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин басқарды.
Литургия кезінде дұға еткендер: «Елеос» қоғамдық қорының жетекшісі В.М. Капсамун, Астана епархиясының басқармасының қызметкерлері, Астана православие жастар қозғалысының белсенділері, орталық жексенбілік мектептің ұстаздары мен тәрбиеленушілері.
Ғибадат ету басталуына қарай Оңтүстік астанадағы Иверско-Серафимовский әйелдер монастырінің София соборында сақталған Вера, Наджда, Любовь және София шейіттерінің жәдігерліктері бар кеме Қазақстан астанасының бас ғибадатханасына жеткізілді.
О.Варенцованың жетекшілігімен Успен соборының хоры ән шырқады.
Қасиетті өлең туралы уағызды архимандрит Сергий (Карамышев) оқыды.
Литургия Синай тауының игумені мен қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және олардың анасы Софияны ұлықтьаумен аяқталды, содан кейін Митрополит Александр дін қауымы мен сенушілерді жексенбі күнімен және қасиетті Иоанн Лествичникті еске алу күнімен құттықтады.
«Ұлы посттың төртінші жексенбісін Мәсіхтің Шіркеуі қасиетті Иоанн Лествичникті еске алуға арнайды. Қасиетті Иоанн, Синай тауының игумені бізге пост ұстаудың жоғары үлгісін көрсетті және жанға таңғажайып күш беретін туындыны – адамның Иемізге көтерілуі - жерден Көкке, уақытшадан мәңгілікке, күнәнің тереңдігінен Құдайдың сүйіспеншілігіне жету және Онымен бірігу туралы ілімі бар «Лествица» немесе «Скрижали духовные» деп аталатын кітап қалдырды. «Лествица» қадам сияқты отыз сөзден тұрады. Қасиетті бірінші қадамды жердегі нәпсілерден бас тарту деп санайды. Содан кейін: мойынсұну, тәубе ету, өлімді еске алу, күнәлар үшін жылау, кішіпейілділік. Одан әрі оқырманға күнәнің себептері – құмарлықтар - олармен күресу бойынша тиімді нұсқаулар беріледі. Бұл шығармада анасы «қасиетті де берекелі» дұға саналатын ізгілік жолы да суреттелген. Ал «Лествица» үш негізгі христиандық қасиетті сипаттаумен аяқталады - сенім, үміт және сүйіспеншілік. Қасиетті Шіркеу бұл күні бізді өміріміздің басты міндеті - жанымызды құтқаруды - ізгілік баспалдақтарымен бірте-бірте көтеріліп, құмарлық пен жамандықты жеңуді үйретуге шақырады». Митрополит Александрдың уағызынан.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр