17 сәуір 2025 жылы, Жалынды аптаның Ұлы Жұмасының қарсаңында Алматыдағы Вознесенский кафедралды соборында біздің Иеміз Иса Мәсіхтің Қасиетті азаптарының тізбегі - Құтқарушының азап шегу, айқыштағы өлім және жерлеуі туралы айтатын 12-ші Інжіл оқылатын таңғы жоралғы өткізілді.
Ғибадат ету кезінде Астана және Қазақстан митрополиті Александр дұға жасады. Қазақстан Митрополиттік округі басшысының батасымен Мәсіхтің азап шегу тізбегі таңғы жоралғысын өткізгендер: Алматы епархиясының діндары архимандрит Иоанн (Сазонов), Алматы Вознесенский кафедралды соборының кілтшісі, аудандық қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы протоиерей Александр Суворов собордың діни қауымымые бірге.
Таңғы жоралғы алдында «Қашан да даңқты шәкірттер» тропарионын шырқаған кезде, діни қызметкерлер құрбандық үстелінен қасиетті Евангелияны алып шығып, шіркеудің ортасында орнатылған алдағы Ең қасиетті Құдай Ана мен апостол Иоанно Богословпен Құтқарушының Айқышқа шегелуі бейнесінің алдындағы үлкен үстелге қойды.
Таңы жоралғы 12 Інжілді оқумен Крест жанында өтеді және айқыштағы азап пен Иеміз Иса Мәсіхтің өлімін еске алуға арналған Інжіл әңгімелері мен әндерін қамтиды.
Таңғы жоралғы әндерін орындаған: Қазақстан митрополиттік округінің хоры (регенті – Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников; хормейстер – В. Дударева) және Вознеский соборының хоры (регенті – Е. Богуславец).
5-ші Ізгі хабарды оқығаннан кейін «Бүгінде ол ағашта ілулі тұр» антифонын шырқаумен діни қызметкерлер құрбандық үстелінен Мәсіхтің өмір беретін Кресті, Иеміз Иса Мәсіхтің Тікенді Шірдің бір бөлігі, Иеміздің Жабынының бір бөлшегі, Иеміздің Қабірінің және Голгофадан алынған тас бөлшектері, Ақылды ұры айқышының бір бөлігі, қамшылау бағанының бір бөлігі, майлау тасының бір бөлігі, Мәсіх Кретске шегеленген шегенің дәл көшірмесі бар жәдігерліктер бар кемесін әкелді. Римде Голгофа шегесінің 100 данасы жасалды, олардың әрқайсысында осы ұлы жәдігерлердің бір бөлігі бар. Осы шегелердің бірі митрополит Александрға сыйға тартылды. Ұлы евангелиялық қасиеттілер Кресттің қасына дұға ету үшін қойылды.
Иеміз Иса Мәсіхтің денесін Кресттен алып және Құтқарушыны Аримафейскийдің әділ Иосифы жерлегені туралы айтатын 10-шы Ізгі хабарды оқығаннан кейін, діни қызметкерлер құрбандық үстелінен Иеміздің өмір беретін Қабірінің бір бөлігін әкелді. Митрополит Александрдың өтініші бойынша жәдігерді православиелік қазақстандықтарға Иерусалим Патриархы Феофила III-тің батасымен Иерусалимдегі Иеміздің Қабір шіркеуінің кілттерін сақтаушысы шейх Ваджих Нусейбе сыйға тартты.
«Бүгін Иеміз Иса Мәсіхтің Қасиетті азабының тізбегі - Құтқарушының азабы, айқыштағы өлімі және жерленуі туралы баяндайтын таңғы жоралғыда 12-ші Інжілді оқумен, біз ойымызбен Мәсіхтің Крестінің алдында тұрып, біз құтқарылуды қандай жоғары бағамен алғанымызды, Оның Патшалығының есіктері бізге қандай құрбандықпен ашылғанын еске аламыз. Біз үшін, біздің барлық күнәларымыз бен қателіктеріміз үшін, адамзат баласының бүкіл тарихында жасаған зұлымдықтары мен қылмыстары үшін күнәсіз Иеміз айқышқа шегеленді. Інжіл оқуларын тыңдай отырып, тропарион мен стихира мәтіндерін түсіне тыңдай отырып, біз Яһуданың сатқындығын және апостол Петірдің Иемізден үш рет бас тартуын және оның шын жүректен, көз жасымен өкінгенін еске аламыз; біз Иеміз Иса Мәсіхке жанашырлық танытамыз, Кресттегі Ең Таза Мария Бикештің болуы туралы ойлаймыз, Аримафейскийлік Иосиф пен Никодимнің батыл ерлігін көреміз және кітапшылар мен парызшылдардың зұлымдығынан үрейленеміз. Біз Құтқарушы Өзінің Айқышынан өзінің сүйікті шәкірті Иоанн Богословке бет бұрып: «Міне, Сенің Анаң», - деп айтқанына және сүйікті апостолына нұсқап, ең таза Бикешке: «Міне, ұлың» деп айтқанына куә болып отырмыз. Осының арқасында, Иеміздің Айқышында, Құдайдың сүйіспеншілігінің құрбандық үстелінде, Мәсіхтің анасы Ұлына сенетіндердің бәрінің анасы болды. Біз қандай ойлармен, қандай ішкі сезіммен Крестке жақындап, Өмір беретін Ағашқа және евангелиялық қасиеттілерге табынуымыз керек? Крестке зұлымдықпен табыну мүмкін емес, жақындарыңыз туралы жаман ойлармен, оларға ренішпен, жиіркеніш және ашулану кезінде Мәсіхке жанашырлық таныту мүмкін емес. Иеміздің Крестіне тағзым ете отырып, Құтқарушының азаптарын әндете отырып, өзіңізден былайша сұрау керек: "Мен кімге ренжулімін? Кіммен әлі татуласпадым? "Ал мен кімді ренжіткім келеді?" Егер бұл сұраққа жауап табылса, дәл осы жерде, Айқышқа шегеленгеннің алдында, зұлымдық жасамау және жүректен реніштерді өшіру үшін Иемізден шыдамдылық пен күш сұраңыз. Әрқайсымыз Мәсіхтің Крестінің алдында дұға ете отырып, шыдамдылық пен кешірімділікте, сүйіспеншілік пен мейірімділікте Иеміз Иса Мәсіхтің үлгісін ұстануымыз маңызды. Айқышқа шегеленгендерге дұға еткен Иемізге еліктеуіміз қажет:«Әке! «Оларды кешіре гөр, өйткені олар не істеп жатқанын білмейді» (Лк 23:34), біз барлық қылмыскерлерді және жауларымызды шын жүректен кешірдік». Митрополит Александрдың уағызынан.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр