ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Құдайдың қызметтері
29.04.2025, 22:05

Қайтқандары пасхалық еске алу күні. Митрополит Александр Мәскеудегі Митрополит округі өкілдігінің шіркеуінде Литургияны өткізді

Қайтқандары пасхалық еске алу күні. Митрополит Александр Мәскеудегі Митрополит округі өкілдігінің шіркеуінде Литургияны өткізді

29 сәуір 2025 жыл – Пасхадан кейінгі 2-аптаның сейсенбісі – Радоница күні. Православие Шіркеуі ежелгі дәстүр бойынша Мәсіхтің жарқын Қайта тірілуінен кейінгі тоғызыншы күні қайтыс болғандарды арнайы пасхалық еске алуды атап өтеді.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округінің Өкілдігінде -  Мәскеу қаласының Патриархалдық қоналқалық үйіндегі қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь и София атындағы шіркеуде Құдайлық Литургияны өткізді.

Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер: Алматы православиелік теологиялық семинария ректорының м.а., Митрополит округі ақпарат бөлімінің басшысы  протоиерей Евгений Иванов; Алматы теологиялық семинариясының проректоры, теология ғылымдарының кандидаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор игумен Агафангел (Гагуа); қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және олардың анасы София атындағы шіркеудің кілтшісі иеромонах Антоний (Дробязко); протоиерей Павел Вишневский; иеромонах Викторин (Асеев); иеромонах Даниил (Макагон); үй-жайдың клириктері.

Литургияда кезінде дұға еткендер: Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Хатшылығы басшысының орынбасары Н.В.Паршикова; қоналқалық үйдің негізін қалаушылар мен шіркеудің приходтары.

Анна Рожнованың жетекшілігімен шіркеу хоры ән шырқады.

Марқұмдарға дұға бағыштау кезінде  «сонау ғасырдан бүгінгі күнге дейін қайтыс болған православиелік христиандар» еске алынды; София шіркеуінің марқұм басшысы  протоиерей Борис Присяжнюк, оның еңбегі арқылы приход қайта жанданған және мәңгі есте қалатын құрылысшылар мен шіркеуді көркейтушілер; қайтыс болған қазақ иерархтары мен дінбасылар; астананың Миусское зиратында жерленгендер, олардың арасында КСРО халық әртісі, «Ресейдің алтын басы» А.Ф.Ведерников; КСРО халық әртісі, «Ресейдің алтын басы»; құдайсыз қуғын-сүргін жылдарында жазықсыз азапталып, өлтірілген, аштықтан, суықтан, жарадан, аурудан, ауыр еңбектен қайтқандардың барлығы; ұрыс даласында сенім мен Отан үшін жанын қиған көсемдер мен жауынгерлер; обадан қайтыс болған дінбасылар мен діндарлар үшін жалынды дұғалар жасалды.

Литургия аяқталғаннан кейін Мәсіхтің Жарқын Қайта тірілуін ұлықтау және қайтыс болғандарды пасхалық еске алу өтті.

Метрополиттік округінің барлық шіркеулерінде Құдайлық литургиялармен бірге қайтқандарды пасхалық еске алу өтті.

Сенушілердің өтініші бойынша діни қызметкерлер қала және ауылдық зираттарында дұға бағыштады.

«Мәсіхтің жарқын Қайта тірілу мерекесінен кейінгі тоғызыншы күні, біз тақуалық, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша, қайтыс болғандарды пасхалық еске алуды өткіземіз. Мәсіхтің Қайта тірілуі біз үшін көкке жол ашты, ал Шіркеу қазір пасхалық канонында: «Өлімнен өмірге және жерден көкке Құдайымыз бізді Мәсіхпен жеткізді» деп әндетеуде. Пасха бізді Өмір беретін қабірден тараған кешірімге адамзатты сендіреді және болашақтағы жалпы қайта тірілу үмітін растайды. «Ешкім өлімнен қорықпасын, - деген біз Пасха түнінде әулие Иоанна Златоусттың сөздерін естиміз, - Құтқарушының өлімі бізді азат етті. Мәсіх Қайта тірілді және өмір қайта қалпына келтірілді; Мәсіх қайта тірілді, және қабірде бірде-бір өлі адам жоқ. Иеміздің Қайта тірілген сәтінен бастап апостол Иоанн Богослов «Аян» кітабында: «Құдай олардың көздерінен барлық жасты сүртіп, бұдан былай өлім болмайды; және жылау да, сықтау да, ауру да болмайды» деп барлық сенушілер үшін куәлік еткендей адам үшін өлім тек тұске, ұйқтауға, уақытша бөлектенуге айналады. Митрополит Александрдың уағызынан.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді