ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Метрополис
11.05.2025, 18:00

Мыңдаған православиелік христиандардың азаппен шейіт болған жері - Лися балкада Шымкенттік жаңа шейіттердің құрметіне арналған ескерткіш – шіркеудің іргетасы қаланды

Мыңдаған православиелік христиандардың азаппен шейіт болған жері -  Лися балкада Шымкенттік жаңа шейіттердің құрметіне арналған ескерткіш – шіркеудің іргетасы қаланды

11 мамыр 2025 жыл. Шымкент. Мәскеу және бүкіл Ресей Әулие Патриархы Кириллдің батасымен көптеген православиелік архипасторлардың, тәлімгерлердің, монастырлардың және сенушілердің азапты өлімінің орны – Лися балкада - Қазақстан митрополиті округінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр Шымкенттік жаңа шейіттердің құрметіне мемориалдық шағын шіркеу құрылысының іргетасы мен крестін қасиетті ету  рәсімін жасады.

Лися балкада мемориалдық шіркеу салу Мәскеу және Бүкіл Ресейдің Әулие Патриархы Кириллдің бастамасы болып табылады. Атышулы Лися балка мыңдаған православие христиандардың өлім жазасына кесілген және соңғы ақтық демі таусылған орны болды. Олардың қатарында өткен ғасырдың көрнекті рухани қайраткерлері – Қазан митрополиті Кирилл (Смирнов), митрополит Иосиф (Петровых), архиепископ Алексий (Орлов), епископ Евгений (Кобранов), басқа да көптеген атақты архипасторлар мен тәлімгерлер, сансыз қарапайым діндарлар бар. Православие дінін қудалау тарихын жақсы білетін Әулие Патриарх Кирилл Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевпен 2024 жылғы 22 қарашада өткен ресми кездесуінде қазіргі Шымкент қаласының аумағында орналасқан Лися балка қаласындағы ескерткіш- шіркеуді орнатуды ұсынды. Мемориалдық шағын шіркеу құру ХХ ғасырда қазіргі Оңтүстік Қазақстан аумағында сенімі үшін жапа шеккен православие иерархтары, діни қызметкерлері мен сенушілердің есімін мәңгілікке қалдыру үшін қызмет етеді. Қасиетті Патриарх Кириллдің батасын алған мемориалдық шағын шіркеу құрылысының жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевпен қарастырылды. Қасым-Жомарт Кемелұлы мәселені зерделей келе, Лися балкада екі діни мемориалды – православ шіркеуі мен мұсылман мешітін салуды мақұлдады, өйткені бұл жер қазақтың екі жетекші дәстүрлі діні – Ислам мен Православие дінінің жазықсыз өлтірілген өкілдерінің соңғы демі таусылған жері болып табылады.

Крест пен шіркеудің ірге тасын қасиетті ету рәсімінде дұға еткендер: Шымкент епархиясының басшысы Шымкент және Түркістан епископы Хрисантф, Астана епархиясының викарийі Талдықорған епископы Клавдиан, Шымкенттік епархияның клириктері, Алматыдан митрополитпен бірге келген діни қауым, Шымкенттің православ тұрғындары.

Мемориалдық ғибадатхананың ірге тасын қалау рәсіміне қалалық дін істері басқармасының басшысы Бақтияр Алтайұлы Өнербаев қатысты.

Қасиетті рәсім басталғанға дейін Митрополит Александр жиналғандарға тағылымды сөзін сөйледі, содан кейін митрополит пен архипастырлар қол қойған крест пен ірге тасын қасиетті ету туралы жарғы оқылды. Құжат металлдан жасалған капсулаға салынып, салынып жатқан ғибадатха іргетасының арнайы текшесіне салынды.

Жарғылық дұғалардан кейін Митрополиттік округ Басшысы крестке, тасқа және қызметке қатысушыларға қасиетті суды септі. Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы Мәскеу және Бүкіл Русь Әулие Патриархы Кириллге; Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысына, аса құрметті архипастырларына, дінбасыларына, монастырдегілеріне және құдай қамқорлығындағы қауымға; Президентке, билікке, әскерилерге және бүкіл Қазақстан халқына ұзақ ғұмырлы жылдар тіленді.

Ғибадатхана қайырымдылық жасаушылардың қаражатына және сенушілердің ерікті садақаларына тұрғызылатын болады.

«Армысыздар аса құрметті билеушілер! Құрметті әкелер! Қымбатты бауырлар! Мәсіх қайта тірілді! Бүгін біз сіздермен рухани және тарихи маңызды оқиғаға қатысып жатырмыз – Шымкенттегі жаңа шейіттердің құрметіне крест қасиетті етіліп, мемориалдық шіркеу құрылысының іргетасы қаланып жатыр. Мәсіхтің Қайта тірілуін мерекелеудәң жарқын күндерінде, Көк пен жер, періштелер мен адамдар Жаратқан Иенің күнәны, қарғыс пен өлімді жеңгеніне қуанған кезде, Лися Балкада, қасиетті Патриарх Кириллдің батасымен, осы жерде Құдайдың сенімі үшін, Ізгі хабарды уағыздағаны үшін, Құдайға сенгені үшін жазықсыз азап шеккендерді еске алуға арналған мемориалдық шіркеу құрылысы басталып жатыр. 

Біздің Шіркеуіміздің Жоғары Басшысы  ұсынған мемориалдық шіркеуді салу бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мақұлдауын алды. Ұсынылған жобаны жүзеге асыруға Шымкент қаласының билігі келісімін берді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жақында Қасиетті Пасха мерекесі қарсаңында онымен кездесуімізде дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды насихаттауға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және еліміздің бай мәдени мұрасын сақтауға Православие Шіркеуінің қосқан елеулі үлесін тағы бір мәрте атап өткен мемлекет басшысына шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді. Мен жергілікті қала басшылығының игі қолдауына үміт артамын. Шейіт болған және сансыз адамдар жерленген жерде мемориалдық шіркеудің салынуын олардың көптеген туыстар күтті және әлі де күтуде. Әлемге әйгілі Лися балкада мемориалдық шағын шіркеу құру туралы өтініштерді тек Қазақстаннан ғана емес, сонымен қатар жақын және алыс шетелдерден – Ресейден, Украинадан, Беларусьтен, Молдовадан, Грузиядан, АҚШ-тан, Германиядан, Италиядан, Бразилиядан, Аргентинадан және басқа да елдерден құрбан болғандардың ұрпақтары жолдаған. Олардың естелігін мәңгілікке қалдыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасау біздің қасиетті парызымыз – мұнда, мемориалдық шіркеуде біз жаңа шейіттерді дәріптейміз және жазықсыз жапа шеккендерді дұғамен еске аламыз. Жаратқан Ие бізге «Өзінің рақымының шексіз байлығын» көрсетті (Еф. 2:7), бізге киелі орынның құрылысының ұлы жұмысының басталуын білдіретін осы қасиетті істің қатысушысы болуға мүмкіндік берді. Жаратушы қаласа, сіз бен біз еңбекқорлық пен қажырлылық танытсақ, киелі Қазақстан жеріне тағы бір ғибадатхана көрік береді. Шіркеудің қасиетті әкелері мен ұстаздары «Жердегі аспан» деп атаған Шіркеудің  православиелік христиан өміріндегі маңыздылығын асыра бағаламау мүмкін емес. Оның күмбездерінің астында ең қасиетті Евхаристия - «дүниенің өмірі үшін» қансыз Құрбандық жсаалады (Ин.6:51). Мәсіхтің жаңа шейіттеріне арналған жаңа шіркеу осы құтты жердің нағыз сәніне айналсын және Құдайдың құдіреті мен ұлылығының, баршамызға тараған Аспан Патшайымының аналық Қамқорлығы біздің жерімізде жарқыраған әулиелердің дұғалық шапағатының көрінетін куәсі болсын. Біз бәріміз осы ғибадатхананы биылғы жылдың қыркүйек айында мемлекет басшысының шақыруымен Қазақстанға келетін Шіркеуіміздің Жоғары Басшысы, Әулие Патриарх Кириллдің қасиетті етуін асыға күтеміз». Митрополит Александрдың Шымкенттің жаңа шейіттерінің атымен шіркеудің ірге тасын қалау кезінде сөйлеген сөзінен.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді