18 мамыр 2025 жыл – Ұлы шейіт Ирина және Железноборовск қасиеттісі Иаковты еске алу күні, Құдай Анасының «Сарқылмайтын тостаған» белгішесінің құрметіне арналған мереке.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қазақстан Митрополиттік округінің Өкілдігінде-Мәскеу қаласының Патриархалдық қоналқалық үйінде – Вера, Надежда, Любовь және София қасиетті шейіттер атындағы шіркеуінде Құдайлық Литургияны өткізді.
Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысына қызмет еткендер: Алматы теологиялық семинариясының проректоры, теология ғылымдарының кандидаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор игумен Агафангел (Гагуа); Қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және олардың анасы София құрметіне арналған шіркеудің кілтшісі иеромонах Антоний (Дробязко); ауланың дін қызметкерлері.
Анна Рожнованың жетекшілігімен шіркеу хоры ән шырқады. Қызметте дұға еткендер: Қазақстан Православие Шіркеуінің хатшысы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Митрополиттік округінің хормейстері, Орыс шіркеуінің ән өнерін дамыту жөніндегі патриархалдық кеңестің мүшесі О.Н. Овчинников; Өкілдіктің қызметкерлері, Патриархалдық ауланың ктиторлары және шіркеудің приходтары. Литургия кезінде 18 мамырда туған күнін қарсы алып жатқан митрополит Александрға денсаулық пен жақсылықтар сұралды.
Қызметтің соңында пасханы мадақтау өтті, содан кейін митрополит «Мәсіх тірілді!» деп әртүрлі - ежелгі және қазіргі заманғы тілдерде дауыс етті және сенушілерге қасиетті суды себеледі.
Шіркеудің кілтшісі иеромонах Антоний (Дробязко) діни қызметкерлер мен приходтардың атынан Митрополит округінің Басшысын Мәсіхтің Жарқын қайта тірілу мерекесімен және туған күнімен құттықтады. "Сіз үшін ерекше осы бір күні біз Сіздің денсаулығыңыз бен амандығыңыз үшін дұға етеміз. Иеміз Қазақстанның жаңа шейіттері мен дінін мойындаушыларының және барлық әулиелердің дұғалары арқылы Сізге Мәсіх шіркеуінің игілігі жолындағы архипасторлық еңбегіңізде таусылмас көмек берсін", - деп атап өтті Антоний әке.
Митрополит Александр өз жауабында дін қызметкерлері мен сенушілерге жылы білдірген жылы тілектері үшін шын жүректен алғысын айтып, қызметке қатысушылардың барлығынан Қазақстан жеріндегі Христос шіркеуіне одан әрі қызмет етуде Құдайдан көмек сұрап арнайы дұға етуді сұрады.
Архипастордың атына Орыс Православие Шіркеуінің Қасиетті Синодының тұрақты мүшелерінен, Мәскеу Патриархатының архипастырларынан және Жергілікті православие шіркеулерінің иерархтарынан; Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік басшылығынан, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Парламентінің депутаттарынан, Қазақстан облыстары мен қалаларының әкімдерінен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерінен, Қазақстан мен Ресейдің дәстүрлі діни конфессияларының жетекшілерінен, қоғамдық ұйымдардан құттықтау сөздері келіп түсті.
Қостанай епархиясында Патшалық шейіттерді еске алуға арналған түнгі Литургия мен крестті шеру өтті
ТолығырақӨскемен епархиясында Рудный Алтайдың басты қасиеттісі – Құдай Анасының Знаменско-Абалацкая белгішесінің құрметіне арналған мерекелік іс-шаралар өтті
ТолығырақҚұдай Анасының Қазан белгішесі күні. Митрополит Александр Литургияны тақ мерекесін атап өтіп жатқан Оңтүстік астананың ең көне шіркеуінде өткізді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр