ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
26.10.2025, 15:00

Алматыда Қазақстан Православие Шіркеуі Синодының отырысы өтті

Алматыда Қазақстан Православие Шіркеуі Синодының отырысы өтті

25 қазан 2025 жыл. Алматы. Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің рухани-мәдени және әкімшілік орталығының синодтық залында Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың төрағалығымен Қазақстан Православие Шіркеуі Синодының кезекті отырысы өтті.

Қазақстан Митрополиттік округінің Синодынык құрамында болғандар: Павлодар және Екібастұз архиепископы Варнава; Қарағанды ​​және Шахты архиепископы Севастиан; Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий; Көкшетау және Ақмола архиепископы Варсонофий; Петропавл және Булаев архиепископы Владимир; Қазақстан Православие Шіркеуінің істері басшысы, Қаскелең епископы Геннадий; Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатий; Астана епархиясының викарийі Талдықорған епископы Клавдиан; Шымкент және Түркістан епископы Хрисанф; Астана епархиясының викарийі Талғар епископы Вениамин; Орал және Атырау епископы Вианор.

Жалпы дұғадан кейін Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы архипастырларды алғы сөзңмен қарсы алып, күн тәртібін жариялады.

Синод жұмысын митрополит Александр  2025 жылғы 16-18 қыркүйекте Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы  Кириллдің Қазақстан Митрополиттік округіне жасаған сапары туралы баяндамасымен ашты, оның аясында Жоғары Мәртебелі әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезінің жұмысына қатысып, жаңадан салынған Сергиевский шіркеуіне қасиетті ету рәсімін өткізіп, Қазақстан жерінде жарқыраған Бүкіл әулиелердің құрметіне елордалық рухани-ағарту орталығын одан әрі құруға батасын беріп, сондай-ақ ол Астананың Успенский кафедралды соборындағы  Мәсіх Шіркеуінің жаңа шейіттері мен діндарларына сенушілердің қалың тобының алдында дұға жасаған еді.

Митрополиттік округ Басшысы атап өткендей, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Қасиетті Патриарх Кириллдің кездесуі маңызды қоғамдық оқиға болды, оның барысында халықтар арасындағы рухани байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін және ерекше құрмет белгісі ретінде мемлекет басшысы оны еліміздің ең жоғары наградасы – «Алтын Қыран» («Золотой орел») орденімен марапаттады.

Билеуші митрополит Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы оның құрғаннан бері осы орденмен марапатталған алғашқы діни жетекші болғанын баса айтты.

Синод мүшелері Митрополиттік округ Басшысын оған жоғары патриархалдық награда,«оның қажырлы архипастырлық еңбегі үшін» әулие кнәз Александр Невскийдің  I дәрежелі  орденін табысталуымен шын жүректен құттықтады.

Митрополит Александр иерархтарды діни және мемлекеттік қайраткерлермен: Ардақты Иерусалим Патриархы Феофил III, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы М.С. Әшімбаевпен, Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Д.Н.Чернышенкомен, Астана қаласының әкімі Ж.М. Қасымбекпен, Қазақстандағы апостолдық нунциі архиепископ Джордж Панамтхундил, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д.А. Абаевпен, Ресейдің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Н. Бородавкинмен, Грузияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Н.Лалиашвилимен, Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі С. Гиогпен кездесулері туралы хабардар етті. 

Билеуші митрополит отырыстың қатысушыларына Қазақстан Митрополиттік округінің, Рим-Католиктік Шіркеуінің астаналық архиепархиясының, Мальтаның Егемендік Орденімен және «Kirche in Not» халықаралық қайырымдылық қорымен бірлесіп ұйымдастыруымен Астанада «Турин жамылғысы» халықаралық көрмесінің ашылуы; Қостанай қаласында өткен «Тимон оқулары» IV Халықаралық ғылыми-теологиялық конференциясы; Алматы облысында өткен 200 адамның – барлық қазақстандық епархиялардың делегаттары, жастар мен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға жауапты епархиялық және приходтық жастар ұйымдарының жетекшілері мен мүшелері, әлеуметтік, діни және қоғамдық мәселелер жөніндегі сарапшылар, сондай-ақ Ресей мен Беларусьтен келген қонақтардың  басын қосқан Қазақстан православиелік жастарының Х Съезді туралы айтып берді.

Митрополит Александр Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялаған Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысатынын мәлімдеді.

Синод Қазақстан Православие Шіркеуінің істері басшысы Қаскелең епископы Геннадийдің  хабарламасын тыңдады. Қасиетті билеуші  бірқатар іс-шараларға: әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXIII отырысына, Орыс Православие Шіркеуі Баспа кеңесі мүшелерінің жалпы жиналысына, Орыс Православие Шіркеуі мен Коптск Шіркеуі арасындағы диалог жөніндегі комиссияның мерейтойлық отырысына, Синодтық библиялық-теологиялық комиссия мен дінтану және теологиялық білім беру жөніндегі Собораралық Кеңестің бірлескен отырысына қатысуы туралы айтты.

Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий Синод мүшелеріне Қазақстан Республикасынан, Ресей Федерациясынан және Чехиядан келген ресми парламенттік делегацияларының Өскемен қаласындағы Андреевский кафедралды соборына және Өскемен мен Семей епариясының рухани-әкімшілік орталығына сапары туралы айтып берді.

Көкшетау және Ақмола архиепископы Варсонофий Көкшетау қаласында Мәскеудегі әулие Алексий шіркеулік ауруханасының қолдауымен жұмыс істейтін медбикелерді оқыту орталығы ашылғанын хабарлады.

Петропавл және Булаев архиепископы Владимир Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында 

архипастырларға өзінің жұмысы туралы есеп берді. Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатий Синодқа Ақтөбе облысының діни бірлестіктер көшбасшылары клубының отырысына қатысқаны туралы; Шымкент және Түркістан епископы Хрисанф - Шымкентте өткен «Конституция – діни тұрақтылықтың кепілі» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысына қатысуы туралы хабарлады.

Қаскелең епископы Геннадий Қазақстан Митрополиттік округі делегациясының Санкт-Петербургте өткен «Сенім және спорт» халықаралық форумына және Қасиетті князь Александр Невский атындағы спорттық ойындарға қатысуы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысына Митрополиттік округ өкілінің қатысуы туралы баяндады.

Талдықорған епископы Клавдиан Қазақстан Митрополиттік округі монастырлеріне арналған білім беру конференциясы және Мәскеудегі Орыс Православие Шіркеуі монастырлерінің игумендері мен игумениялары Жиналысына Қазақстан Православие Шіркеуі өкілдерінің қатысуы туралы баяндамасын оқыды.

Митрополит Александр есте қаларлық мерейтойларды тойлап жатқан иерархтарға жоғары марапаттар табыс етті. Қазақстан Православие Шіркеуінің игілігі жолындағы қажырлы архипасторлық еңбегі үшін және епископтық қызметке тағайындалуына 15 жыл толуына байланысты Павлодар және Екібастұз архиепископы Варнава Қарағандының құрметті діндары Севастиан орденімен; Митрополиттік округінің істері басшысы Қаскелең епископы Геннадий - Түркістан және Ташкент архиепископы, Семиречья ағартушысы әулие Софоний орденімен марапатталды. Архипасторлық еңбегі үшін және өзінің қасиетті ордендерінің 30 жылдығына байланысты Көкшетау және Ақмола архиепископы Варсонофий өасиетті шейіт Серафим және Феогноста ордендерімен марапатталды.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Синод мәжілістерінің хаттамасын Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы ю Кирилл бекітіледі (Орыс Православие Шіркеуінің Жарғысының 9-бабының XIII тарауын қараңыз: «Митрополиттік округі Синодының Журналы  Қасиетті Синодқа ұсынылады және Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархымен бекітіледі»).

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді