12 желтоқсан 2025 жыл. Алматы. Орыс Православие Шіркеуінің Жарғысына сәйкес, Иверско-Серафимовский әйелдер монастырінің София соборында Қазақстан Митрополиттік округінің Астана және Алматы епархиясы діни қызметкерлерінің епархиялық жиналысы өтті.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың төрағалығымен өткен жыл сайынғы епархиялық жиналысқа қатысқандар: Астана епархиясының викарийлері – Қазақстан Митрополиттік округінің істері басшысы Қаскелең епископы Геннадий, Талдықорған епископы Клавдиан және Талғар епископы Вениамин; Алматыдағы Иверско-Серафимовскмй монастырінің басшысы игумения Любовь (Якушкина) және Астанадағы Құдай анасының «Адасқандарды іздестіру» белгішесі құрсетінн арналған монастырдің басшысы игумения Севастиана (Плотникова); епархия кеңесінің мүшелері, құрметті өкілдер, епархия бөлімдерінің төрағалары мен хатшылары, епархия комиссияларының хатшылары, монастырлер мен приходтардың басшылары, оларлың көмекшілері, кілтшілер; Митрополиттік округтің хатшысы О.Н. Овчинников, приход кеңестерінің мүшелері, епархия басқармасының қызметкерлері.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр дін қызметкерлері мен жамағат алдында өтіп жатқан жылдың қорытындысы бойынша баяндама жасады.
Митрополит дінбасылар мен приходтардың саны статистикалық мәліметтерді; орындалған қызметтердің саны, тағайындаулар және монастырлық тонсуралар; жаңа шіркеулер салу туралы ақпаратты ұсынды.
Жиынға қатысушылар 2025 жылы қайтыс болған Алматыдағы Космо-Дамиановский шіркеуінің басшысы протоиерей Георгий Чистяков пен Астанадағы Құдай Ананың «Адасқандарды іздеу» белгішесінің құрметіне арналған монастырдің тұрғыны монахиня Варвараға (Сташан) арнап «Мәңгілік естелік» әнін орындады.
Баяндамасының басында архипастор «Қазақстан Православие Шіркеуінің өміріндегі биылғы жылдың басты оқиғасы Мәскеу және Бүкіл Ресей Әулие Патриархы Кириллдің Республикаға сапары жайлы атап өтті. Ел Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевтың шақыруымен Жоғары Мәртебелі э Астанада қыркүйек айының ортасында өткен әлемдік және дәстүрлі діндердің VIII съезіне қатысты. Әлемнің 60 елінен 100-ден астам дін көшбасшысы қатысқан Съездің ашылуы қарсаңында Әулие Патриарх Қазақстан Республикасының Президентімен кездесті. Халықтар арасындағы рухани байланысты нығайтуға қосқан үлесі үшін және ерекше құрмет белгісі ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Жоғары Мәртебеліге ең жоғары мемлекеттік награда – «Алтын Қыран» («Золотой орел»)орденін табыс етті.
Оның құрылғанынан бері Қасиетті Патриарх Кирилл осы орденмен марапатталған алғашқы діни жетекші болғанын атап өткім келеді.
Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы өзінің сапары кезінде Қазақстан жерінде жарқыраған Бүкіл әулиелердің құрметіне Қазақстанның астанасында салынып жатқан Метрополиттік округінің рухани-мәдени және білім беру орталығының бір бөлігі болып табылатын Астанадағы әулие Сергий Радонежский шіркеуінің кіші қасиетті ету рәсімін жасады. 19 қыркүйекте Аса Құрсетті Астанадағы Успенский кафедралды соборында дұға оқыды. Қызметке Қазақстанның түкпір-түкпірінен көптеген діндарлар қатысты. Дұға ету аяқталғаннан кейін Әулие Патриарх маған I дәрежелі кнәз Александр Невский орденін табыс етті.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Орыс Православие Шіркеуінің Басшысына тағы да шынайы алғысымды білдіргім келеді. Жоғары Мәртебелінің Қазақстанға сапарын, менің ойымша, шіркеу өмірінің одан әрі дамуына қуатты серпін берген, Ұлы Дала жерінде Православие дінін нығайтуға қызмет еткен тарихи маңызы бар рухани мереке деп атауға болады».
Митрополиттік округ Басшысы жиналғандарға епархия өміріндегі 2025 жылғы басты оқиғаларды еске салды: «Астана епархиясының өміріндегі өткелі жатқан жыл көптеген айтулы оқиғаларға толы болды. Олардың ең маңыздысы – Қазақстан Республикасындағы Орыс Павославие Шіркеуінің Митрополиттік округінің канондық-құқықтық мәртебесінің бекітілгеніне 15 жылдығы. Бастапқыда тек үш епархияны (Алматы, Орал және Шымкент) қамтитын Митрополит округі қазір тоғыз епархиядан тұрады. Қазақстан Митрополиттік округінің Синоды жұмыс істейді, ол біздің еліміздегі әр түрлі шіркеу өмірін ұйымдастырады, үйлестіреді және қадағалайды. Қазақстандық епархияларда бүлінген киелі орындарды қалпына келтіру, жаңа шіркеулер салумен қатар, рухани-мәдени орталықтарды құру және дамыту жұмыстары жалғасуда, приходтарда түрлі мәдени-ағартушылық, әлеуметтік, жастар жобаларының жүзеге асырылып жатқаны қуантады. Қазақстан Православие Шіркеуі өзінің жаңа тарихындағы жүріп өткен жолын еске түсіре отырып, одан сабақ алып, қоғамның рухани өмірін дамыту үшін не істелді, қай жерде әлі де ерекше күш-жігер мен талантты қажет ететін тұстарға бейтарап бағалау жүргізу керектінін айтты. Қол жеткен нәтижелер туралы айтатын болсақ, алда әлі де ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын түсіну маңызды».
Мәртебелі тағы да бірнеше маңызды мерейтойларды тойлауды қорытындылады: Жоғары Мәртебелі тағы да бірнеше атаулы күндерді мерекелеуді қорытындылай келе: «Алматы қаласының тыныс-тіршілігімен тікелей байланысты биылғы жылдың айтулы оқиғалары Алматы және Қазақстан митрополиті, киелі конфессионер Николайдың қайтыс болғанына 70 жылдығын атап өту және оның қасиетті жәдігерлерінің ашылғанына 25 жылдығын атап өту; Алматы және Қазақстан митрополиті Иосифтің (Чернов) қайтыс болғанына 50 жылдығын атап өтуге арналған мерекелер болды. Осы есте қаларлық күндерлі мерекелеу аясында рухани-ағартушылық, ғылыми, мәдени іс-шаралар өткізілді. Біздің мерейтойларымыз бен есте қаларлық күндер әрқашан біздің жалпы шіркеулік және жеке рухани деңгейдегі жетістіктеріміздің бағасы болып табылады. Бұл ойлануға, перспективаларды анықтауға және жоспарлар жасауға, жасалғанды талдауға және бағалауға арналған азық».
Қазақстан Православие Шіркеуінің Жоғары Басшысы жиналғандардың
есіне биылғы жыл XIX ғасырдағы көрнекті шіркеу қайраткері және рухани ағартушы, Ұлы Дала елінің елшісі, Түркістан епархиясының бірінші иерархы, бүгінгі таңда Қазақстан және Орталық Азия митрополиттік округтері мұрагерлері болып табылатын мәңгі есте қалатын архиепископ Софонийдың (Сокольский) туғанына 225 жылдығы деп белгіленгенін салды. Есте қаларлық күнді атап өту аясында Түркістан әулиесінің тыныққан орны – Иверско-Серафимовский монастырінде Христостың Қайта Тірілуі құрметіне арналған шағын шіркеуді кескіндеу аяқталды. 16 желтоқсанда, мәңгі есте қалатын Түркістан иерархының көктегі қорғаушысы - Софаний пайғамбардың мейрамында біз әулиені арнайы еске алуды өткізіп, оның киелі мүрдесін Воскресенский шағын шіркеуіне көшіреміз».
Иерарх Мемлекет басшысы митрополит Александрға жоғары мемлекеттік награда – I дәрежелі «Достық» орденін (орден Дружбы) табыс еткен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевпен кездесуден алған әсерімен бөлісті.
Митрополит Александр кездесуге қатысушыларға «Биыл Алматы православиелік рухани семинариясы өз қызметінің 15 жылдығын атап өтті. Тарихи тұрғыдан алғанда бұл кезең өте қысқа болғанымен, бүкіл Қазақстан Митрополиттік округі үшін пасторлық кадрларды дайындау бойынша атқарылған жұмыстар тұрғысынан өте маңызды. Қазақстан Православие Шіркеуіндегі бірден-бір жоғары рухани білім беретін оқу орны ретінде Алматы семинариясы өзінің білім беру және тәрбиелік дәстүрлерін белсенді түрде дамыта отырып, қазіргі заманның сын-қатерлеріне жауап беруге қабілетті Иеміз Құдай жолындағы еңбекқор қызметкерлерді дайындауы керек. Биылғы жылы біздің семинария Қазан және Кузбасс рухани семинарияларымен ынтымақтастық туралы келісімге отырды. Қол қойылған келісімдер аясында білім беру мекемелері өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша бірлескен конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, сарапшылық кездесулер өткізіп, бірлескен ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік, мәдени-ағарту және ақпараттық-түсіндіру бағдарламаларын жүзеге асырады. Әулие Софонийды (Сокольский) еске алуға арналған XXIII Алматы православиелік оқулары» атты жыл сайынғы халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға Орыс Православие шіркеуінің рухани оқу орындарының ректорлары мен оқытушылары, Ресей, Беларусь және Қазақстанның шіркеу-тарихи және теологиялық пәндер саласындағы мамандары қатысты» деп хабарлады.
Астана және Алматы Епархиясының істері Басшысы өз сөзінде епархияның Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуі туралы, оның барысында барлық приходтарда тақырыптық сабақтар, театрландырылған көріністер, жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін бейнелейтін концерттер өткізілгені туралы айтты. Концерттік бағдарламаларды ұйымдастыруға епархиялық жастар ісі жөніндегі комиссия үйлестіретін семинария студенттері мен приходтық жастар клубтары өз үлестерін қосты.
Мәртебелі баяндамасындағы бөлек мәселе азаматтық бейбітшілік пен қоғамдық тұрақтылықты сақтау мақсатында епархиядағы приходтық өмірді жандандыру болды.
Митрополит Александрдың хабарламасында алдағы 2026 жыл – Қазақстанның көктегі қорғаушылары – қасиетті шейіт Серафим мен Алматы Феогносты жәдігерлерінің ашылғанына 25 жылдығы; көрнекті рухани ағартушы, Түркістан және Ташкент епископы Александрдың (Кульчицкий) туғанының 200 жылдығы; Оңтүстік астанадағы ең көне шіркеулердің бірі - әулие Николай Чудотворец соборының Орыс Православие Шіркеуіне оралуының 80 жылдығы толатын атаулы күндер туралы айтылды.
Жиналыс барысында епархиялық жарғыға сәйкес жасырын дауыс беру арқылы епархия сотына жаңа мүше сайланды.
Митрополиттік округ басшысы викарлыө епископтарды, епархия кеңесінің мүшелерін, құрметті өкілдерін және епархия бөлімдері мен комиссияларының басшыларын өткелі жатқан жылдағы жұмыстары үшін және приход дінбасыларына пасторлық еңбектері үшін алғысын білдірді.
Жиналыс соңында митрополит Александр барлық жиналғандарға батасын беріп, оларды келе жатқан Мәсіхтің Рождествосы және Жаңа жылмен құттықтады.
Жиналғандар атынан Қаскелең епископы Геннадий Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысына архипастырлық еңбегі үшін алғыс білдірді.
Жиналыс соңында өлкетанушы В.А.Казанцевтің «Түркістан епархиясының құрылуы (Семиречьедегі православие тарихы)» атты еңбектер жинағының тұсаукесері өтті. Бұл туралы кітаптың редакторы және құрастырушысы, Вознесенский кафелралды соборының кілтшісі, Митрополит округінің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы протоиерей Александр Суворов айтты.
Барлық қатысушыларға келесі сыйлықтар табыс етілді: Митрополит округінің 2026 жылға арналған православие шіркеуінің күнтізбесі және Астана мен Қазақстан митрополиті Александрдың Рождестволық жолдауы.
Православие мерекесінің аптасы. Митрополиттік округтің Басшысы Оңтүстік астанадағы Вознесенский кафедралы соборында Қасиетті Литургияны өткізді
Толығырақ
Құдай Анасының Иверский белгішесі мерекесінде митрополит Александр престолдық мейрамын атап өтіп жатқан Ивер-Серафим монастырінде Құдайлық Литургияны өткізді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр