26 қаңтар 2026 жыл. Алматы.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр басқарған Вознесенский кафедралды соборындағы Құдайлық Литургия аяқталғаннан кейін Оңтүстік астананың басты ғибадатханасына сенушілердің тұрақты келуі мен дұғалық тағзымы үшін қасиетті жәдігер — таңдаулы әулиелер бейнеленген бірегей, қалпына келтірілген төрт бөліктен тұратын белгіше табыс етілді.
Қасиетті бейнені алтын жалатылған көне күміс қаптама әсемдейді. Ол Мәскеу қаласындағы Әулие Александро-Невский атындағы көркемдік шеберханада белгілі зергер А.И. Анискиннің қолымен жасалып, Алматы епархиясының ктиторлары тарапынан сыйға берілген. Белгіше қазіргі заманның көрнекті икона суретшісі — Ресей Федерациясының еңбек сіңірген суретшісі С.Н. Соколов тарапынан қалпына келтірілді.
Митрополиттік округінің Басшысы Оңтүстік астананың басты ғибадатханасына келесі әулиелер: Ұлы шейіт Георгий Победоносец; Пайғамбар, Алдыңғы хабаршы және Иеміздің Шомылдырушысы Иоанн; үш әлемдік ұстаз бен әулие — Ұлы Василий, Григорий Богослов және Иоанн Златоуст; Құдайдың бас періштесі Михаил; шейіттер Флор мен Лавр; Севастийск епископы қасиетті шейіт Власий; Иерусалим әулиесі Модест; Мир Ликийский архиепископы, әулие әрі ғажайып жасаушы Николай; қасиетті Максим діндар бейнеленген қалпына келтірілген бірегей төрт бөліктен тұратын белгішені сыйға тартты
Протодиакон Роман Головин Алматы қаласының Вознесенский кафедралды соборына белгішені құрметпен сақтау және дұғалық тағзым ету үшін тапсыру туралы грамотаны оқыды.
Жоғары Мәртебелілі мен дін қызметкерлері қасиетті жәдігермен дүниенің төрт тарабына батасын беріп, Алматы қаласы мен бүкіл Қазақстан жеріне Құдайдың қасиетті әулиелерінің қорғауы мен шапағатын тіледі.
Оңтүстік астананың басты ғибадатханасының кілтшісі, протоиерей Александр Суворов, қасиетті бейнені митрополит Александрдың қолынан ризашылықпен қабыл алды.
Белгішенің тұрақты сақталатын орны - Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборы болмақ.
Алматыда апостолдарға тең қасиетті Нинаның еске алу күні Грузияның қасиетті ағартушысына арналған ғибадатхананың қасиеттелуінің 10 жылдығы дұғамен атап өтілді.
Толығырақ
Алматы рухани семинариясында Ғылыми кеңестің отырысы өтті.
Толығырақ
Митрополит Александр Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборына бірегей төрт бөліктен тұратын белгішені сыйға тартты.
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр