12 ақпан 2026 жыл - бүкіләлемдік ұстаздар мен әулие иерархтар Василий Великий, Григорий Богослов және Иоанн Златоуст Соборының мерекесі.
Бұл мерекенің белгілену тарихы Византия императоры Алексей I Комниннің билігі кезеңіне жатады. Сол уақытта Константинопольде осы шіркеу әкелерінің қайсысы үстем деген мәселеде пікірталастар жүрген. Аңыз бойынша, 1084 жылы Евхаит митрополиті Иоаннға – белгілі уағыздаушы әрі гимнографқа – үш әулие бірдей аян беріп, өздерінің құрметіне ортақ мереке күнін белгілеуді бұйырған және Құдай алдында тең екендерін жариялаған.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласының Бағанашыл шағынауданындағы Князь-Владимирский храмында Құдайлық Литургияны өткізді.
Қазақстан Митрополитік округінің Басшысына қызмет еткендер: Астана епархиясының викарийлері – Қазақстан Митрополиттік округінің істері басшысы Каскелең епископы Геннадий және Талдықорған епископы Клавдиан; Алматы приходтарының құрметті өкілі, Никольский соборының басшысы, богословие кандидаты, митрофорлы протоиерей Валерий Захаров; архимандрит Иосиф (Еременко), Владимирский шіркеуінің кілтшісі иеромонах Сергий (Внуковский), митрополиттің жеке хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров, Алматыдағы Казан соборының кілтшісі иерей Георгий Рублинский; протодиакон Николай Гринкевич, митрополиттің протокол қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, диакон Георгий Ткаченко, диакон Макарий Белицкий.
Қызмет басталар алдында храмға сенушілердің дұғалық тағзымы мен рухани нығаюы үшін Алматыдағы митрополит резиденциясының Ивер-Серафимоский үй шіркеуінде сақталатын, бүкіләлемдік ұстаздар мен әулие иерархтар Василий Великий, Григорий Богослов және Иоанн Златоусттың қасиетті жәдігерлерінің бөлшектері салынған белгіше әкелінді.
Литургияда дұға еткендер: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников; «ELEOS-MEIRIM» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамун; қайырымдылық жасаушылар, храм прихожандары және Бағанашыл шағынауданының тұрғындары.
Қасиетті өлеңнен кейін уағызды иерей Георгий Рублинский оқыды.
Литургия аяқталған соң Христос әулиелерінің белгішесінің алдында мадақтау дұғасы жасалды. Одан кейін Митрополиттік округтің Басшысы қатысушыларға бүкіләлемдік әкелері мен ұстаздарының ерліктерінің маңызы туралы архипастырлық сөзін сөйледі.
Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы, Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллге; Қазақстан Митрополитік округінің Басшысы мен епископатына; Қазақстан Президентіне, билік өкілдеріне, әскерге және бүкіл халқына көпжылдық тілегі жария етілді.
Құдайлық қызметтен кейін Жоғары мәртебелі Геннадий епископты есімі күнімен құттықтап, жан мен тән саулығын және Қасиетті Шіркеуге қызмет ету жолында Иеміздің рақымды жәрдемін тіледі.
Жауап ретіндн Қазақстан Митрополитік округінің істері басшысы митрополитке құттықтауы үшін алғысын айтып, алдағы қызметінде Құдайдың көмегі үшін жиналғандардан ерекше дұға сұрады.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы иерей Роман Кравченконы 55 жас мерейтойымен және иерей Георгий Рублинскийді диакондық тағайындалуының жылдығымен құттықтап, пастырьларға Құдайдың мейірімін, жан мен тән саулығын және Алматы жерінде Христос Шіркеуінің игілігі жолында адал қызмет етуін тіледі.
Жоғары мәртебелі жиналған сенушілерді қасиетті сумен септі.
Қасиетті әулиелер Василий Великий, Григорий Богослов және Иоанн Златоуст еске алу күні Астана және Қазақстан митрополиті Александр Оңтүстік астанадағы Владимирский храмында Құдайлық Литургияны өткізді
Толығырақ
«Православие сабақтары» – Қазақстан Митрополитік округінің «Семиречье» телестудиясының жаңа ағарту жобасы
Толығырақ
Алматыда жер сілкіністері мен өзге де табиғи апаттардан сақтайтын көктегі қорғаушы шейіт Агафии Панормскаяның құрметіне арналған мерекелік шара өтеді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр