19 ақпан 2026 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Вознесенски кафедралды соборында Оңтүстік астананың балалар шіркеу хорларының регенттері мен жексенбілік мектеп мұғалімдеріне арналған шеберлік сабағы өтті.
Сабақты Мәскеу қаласындағы Қасиетті Димитрий мектебі жанындағы «Царевич» православиелік балалар хор студиясының жетекшісі Е.С. Тугаринов жүргізді. Ол Алматыға өзінің шығармашылық ұжымымен келді. Евгений Святославович – регент, педагог, орыс шіркеу ән өнерін зерттеуші, өнертану ғылымдарының кандидаты, Ресей Жазушылар одағының мүшесі. «Царевич» студиясы хор өнері, сольфеджио және вокалды қамтитын кешенді музыкалық білім береді, рухани және орыс классикалық музыкасына ерекше назар аударады. Халықаралық және бүкілресейлік байқаулардың лауреаты атанған ұжым концерттерге, фестивальдерге және құдайқызметтерге белсенді қатысып келеді.
Шеберлік сабағына Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, митрополиттік хордың регенті, Орыс шіркеу әнін дамыту жөніндегі Патриархтық кеңестің мүшесі О.Н. Овчинников қатысты. Іс-шара басталар алдында Олег Николаевич алғы сөзін сөйлеп, жиналғандарға Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасын жеткізді, қонақтарға Қазақстанға сапарлары үшін алғысын айтып, баршаға жемісті жұмыс тіледі.
Шығармашылық сабақ барысында Е.С. Тугаринов хор әншілерімен бірге белгілі литургиялық шығармаларды дирижерлеудің техникалық ерекшеліктерін талдады. Маэстро хор ұжымымен жұмыс істеудің тәжірибелік қырларына ерекше көңіл бөлді.
Кездесу соңында Евгений Святославович шеберлік сабағына қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Алматыда белгілі шіркеулік регент Е.С. Тугариновтың шеберлік сабағы өтті
Толығырақ
Қазақстан Православие шіркеуінің басшысы мен Астана қаласының әкімі Ж.М. Қасымбек елорданың рухани, мәдени және қоғамдық өміріне қатысты мәселелерді талқылады
Толығырақ
Қазақстан Митрополиттік округінің басшысы Ватиканның Елшісі, архиепископ Джордж Панамтхундилмен кездесті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр