1 наурыз 2026 жыл - Ұлы посттың бірінші жексенбісі, Православие мерекесі.
Мерекенің белгіленуі 843 жылы императрица Феодора Византия империясында белгішелерді құрметтеуді қалпына келтіру мақсатында шақырған Константинополь соборының тарихи оқиғаларымен байланысты. Бұл күн Қасиетті Шіркеудің тарихта болған барлық жалған ілімдер мен жікшілдіктерді жеңгенін білдіреді.
Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралы соборында қасиетті ұлы Василийдің Құдайлық Литургиясын өткізді.
Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер: Алматы қаласы приходтарының құрметті өкілі, Никольский соборының басшысы, богословия кандидаты, митрофорлы протоиерей Валерий Захаров; Алматы епархиясының рухани жетекшісі архимандрит Иоанн (Сазонов), архимандрит Иосиф (Еременко), Алматы рухани семинариясының ректоры, Митрополиттік округтің ақпараттық бөлімінің жетекшісі, богословия кандидаты протоиерей Евгений Иванов; иеромонах Димитрий (Байдек), иеромонах Онисим (Тульников), митрополиттің жеке хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров, Алматыдағы Қазан соборының басшысы иерей Георгий Рублинский, иеромонах Паисий (Тишаков); протодиакон Николай Гринкевич, митрополиттің хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, диакон Виталий Быструшкин, диакон Александр Пивень, диакон Иоанн Жучков, диакон Георгий Ткаченко.
Құдайға мадақ әндерін Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинниковтың жетекшілігімен Митрополиттік округ хоры және Е. Богуславецтің жетекшілігімен Вознесенск соборының хоры орындады.
Литургия кезінде Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері, Алматы рухани семинариясының студенттері, казак қауымы, жексенбілік мектептің тәрбиеленушілері және кафедралық собордың прихожандары дұға етті.
Қасиетті өлеңнен кейінгі уағызды протоиерей Евгений Иванов оқыды.
Литургия аяқталғаннан кейін әмірші митрополит «Православие мерекесі жексенбісінің тәртібін» – православ сенімінің мерекесі және Мәсіх Шіркеуінен алыстағандардың ақиқат жолға оралуы туралы ерекше дұғалық әнді басқарды.
Құлшылық тәртібіне сәйкес, мерекелік дұға етуде Құтқарылу рақымын Інжіл уағыздаған жалғыз ақталу жолы ретінде қабылдамайтындарға; Қасиетті Әкелердің соборларын және Құдайлық Аянға сай келетін, Православ-Кафолик Шіркеуі құрметпен сақтап келген дәстүрлерді терістейтіндерге; жанның мәңгілігін, заманның аяқталуын, болашақ сотты және игі істер үшін көктегі мәңгілік сыйды, ал күнәлар үшін мәңгілік жаза барын жоққа шығаратындарға анафема жарияланды.
Православ сенімінің уағыздаушылары мен қорғаушыларына; Қазақстан жерінде Православие жолында еңбек еткен иерархтарға, пастырларға және миряндарға «Мәңгілік естелік» айтылды.
Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Қасиетті Кириллге; Жергілікті Православ Шіркеулерінің басшыларына; Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы мен епископатына; архипастырларға, пастырларға және Мәсіх Шіркеуінің барлық адал сенушілеріне; Қазақстан Президентіне, билік өкілдеріне, әскерге және халқына салтанатты көпжылдық тілектер айтылды.
«Православие мерекесі» рәсімі қасиетті Амвросий Медиоланскийдің авторлығымен жазылған «Сені, Құдай, мадақтаймыз» әнін орындаумен аяқталды.
Дұға оқылғаннан кейін Қазақстандағы Православ Шіркеуінің Басшысы дін қызметкерлері мен прихожандарды мерекемен құттықтап, барша жиналғандарға тағылымды сөзін арнады.
Құлшылықтың бейнетүсірілімін Қазақстан Православ Шіркеуінің «Семиречье» телестудиясы (директоры – мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкері Виктория Посаднева) жүзеге асырды; фототүсірілімді ақпараттық бөлімнің қызметкері А. Щеглов жүргізді.
Литургияның тікелей көрсетілімі «Прообраз» youtube арнасында «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының қолдауымен (жетекшісі – В.М. Капсамун) өтті.
«Ұлы посттың бірінші жексенбісін Шіркеу Православие мерекесінің күні деп атайды. Бұл мерекеде қасиетті православ сенімін ұстанатын баршамыз екі мың жылдық тарих бойы оны бекіткен жандарға құрмет пен тағзым білдіреміз. Әулие иерархтардың ерліктері, қасиеттілердің дұғалары, апостолдарға тең қасиеттілердің еңбектері, аһап шегушілердің қаны мен діндарлардың куәлігі арқылы құтқарушы Мәсіх сенімі ғасырлар бойы сақталып келеді. Біз бұл қазынаны тақуа ата-бабаларымыздан қабыл алып, бүгін Құдайдың құтқарушы Құпиясына қатысу мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Сол арқылы бізге құтқарылу жолында нығайтатын Құдайлық рақым беріледі. Бүгін Православие мерекесі рәсімін атқара отырып, Мәсіх сенімінің әлемде және біздің жерімізде таралуына қызмет еткендердің бәрін ризашылықпен еске алдық. Сондай-ақ, Жаратқан Ие баршамызды Православиені берік мойындауда нығайтсын, ал Қасиетті Шіркеу қамқорлығында болу қуанышынан айырылғандар Ақиқатты танып, Құдайға үміт артудың қажеттілігін түсінсін, сонда біз бір ауызбен, бір жүрекпен Құтқарушымызды мадақтай аламыз деп жалынды дұға еттік». Митрополит Александрдың уағызынан.
Православие мерекесінің аптасы. Митрополиттік округтің Басшысы Оңтүстік астанадағы Вознесенский кафедралы соборында Қасиетті Литургияны өткізді
Толығырақ
Құдай Анасының Иверский белгішесі мерекесінде митрополит Александр престолдық мейрамын атап өтіп жатқан Ивер-Серафим монастырінде Құдайлық Литургияны өткізді
Толығырақ
Митрополит Александрдыі Алматы қаласындағы Беларусь Республикасының жаңадан тағайындалған Бас консулы Д.В. Мелешкинмен кездесуі өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр