ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
05.03.2026, 14:00

Митрополит Александр Астана епархиясының барлық дін қызметкерлерінің қатысуымен Ұлы пост кезіндегі шасиетті Литургияны өткізді

Митрополит Александр Астана епархиясының барлық дін қызметкерлерінің қатысуымен Ұлы пост кезіндегі шасиетті Литургияны өткізді

4 наурыз 2026 жыл -  Ұлы посттың 2-аптасының сәрсенбі күні; қасиетті Феодор Санаксарскийді еске алу күні.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Астана қаласындағы Успен кафедралды соборында Алдын ала қасиеттелген Сыйлар Литургиясын өткізді.

Ежелгі дәстүрге сәйкес Алдын ала қасиеттелген Сыйлар кешкі уақытта өтті.

Құдайға құлшылық басталар алдында Қазақстандағы басты ғибадатхананың алтарынан сенушілердің дұғамен тағзым етуі үшін ұлы қасиетті жәдігерлер – Қырымдық әулие Лука мен Мәскеулік киелі Матрона әулиелерінің қасиетті жәдігерлері салынған кемелер шығарылды.

Архипастырға қызмет еткендер: Астана шіркеу округінің құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев), Құдай Анасының «Қаза болғандарды Іздеуші» белгішесі құрметіне арналған Астана әйелдер монастырінің рухани тәлімгері иеромонах Модест (Дроздов), Константин- Еленинский соборының кілтшісі протоиерей Сергий Калиев, Серафим ғибадатханасының кілтшісі протоиерей Евгений Корольков, қасиетті Серафим Саровский шіркеуінің клиригі иеромонах Силуан (Синегубов), Астана құрметті өкілдігінің православиелік жастар қозғалысының жетекшісі иерей Григорий Куликов, митрополиттің жеке хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), құрметті өкілдің көмекшісі иерей Сергий Дианов, митрополиттің протокол қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, диакон Илия Давыдов, Астана және Алматы епархияларының клириктері.

Құдайға құлшылықта Успен кафедралды соборының хоры О. Варенцованың жетекшілігімен ән шырқады.

Литургия барысында Астана епархиялық басқармасының қызметкерлері, Астана православиелік жастар қозғалысының белсенділері және қала храмдарының прихожандары дұға етті.

Қасиетті өлеңнен  кейінгі уағызды иеромонах Силуан (Синегубов) айтты.

Литургия аяқталған соң Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы жиналған дін қызметкерлеріне, монашестволық қауымға және сенушілерге қасиетті құрбандық үстелінің алдында бірге дұға ету қуанышы үшін алғысын білдіріп, жиналғандарға тағылымды сөз айтты.

Митрополит Александр Астана благочиниесінің клириктерін құдайлық қызметтегі иерархиялық наградалармен марапаттады:

  • Астана шіркеу округінің құрметті өкілі архимандрит Сергийге (Карамышев) – «Иже херувимы» әніне дейін ашық патша қақпаларымен Литургия қызметін атқару құқығы берілді;
  • Ақмола облысы Аққайық ауылының Никольский храмы басшысы иерей Владислав Коваленкоға – палица тағу құқығы берілді;
  • Астана қаласындағы Свято-Серафимов шіркеуінің клиригі диакон Иоанн Артемьевке – қос орарь тағу құқығы берілді.

Құдайға құлшылық аяқталғаннан кейін апостолдарға тең Кирилл мен Мефодий атындағы рухани-мәдени орталықта архипастырь Астана шіркеу округінің дін қызметкерлері және шіркеу қызметкерлерімен жұмыс кеңесін өткізді.

Кездесу барысында әмірші митрополит шіркеу өміріндегі алдағы маңызды оқиғалар, еске алу күндерін атап өту жайлы айтып, рухани-ағартушылық жұмысты дамыту мәселелерін талқылады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді