ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
29.03.2026, 14:00

Мысырлық әулие Марияны еске алу аптасында митрополит Александр Қостанай қаласындағы Константино-Еленинский кафедралды соборында Литургияны өткізді

Мысырлық әулие Марияны еске алу аптасында митрополит Александр Қостанай қаласындағы Константино-Еленинский кафедралды соборында Литургияны өткізді

29 наурыз 2026 жыл -  Ұлы посттың 5-ші аптасы, Мысырлық әулие Марияны еске алу күні.

Осы жексенбіге арналған синаксарьда (жарғылық тәлім сөзінде): «Бұл әулиені еске алу 1 сәуірде атап өтіледі, бірақ ол бүгін де белгіленген, өйткені Ұлы Қырықкүндік аяқталуға жақындап келеді. «Бұл немқұрайлы және күнәһар адамдарды тәубеге келуге ынталандыру үшін белгіленген, өйткені бүгін еске алынып отырған әулие олар үшін үлгі болуы тиіс», – делінеді.

Бір күн бұрын, таңғы құлшылықта, жексенбілік Інжіл оқылымынан кейін, шіркеулік Жарғыға сәйкес, биылғы қасиетті Қырықкүндікте соңғы рет ұлы посттың тропарьлары: «Тәубенің есігін маған аш, Өмір Сыйлаушы» орындалды.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қостанай епархиясының басты ғибадатханасы – Қостанай қаласындағы Константино-Еленинский кафедралды соборында Әулие Ұлы Василийдің Құдайлық Литургиясын өткізді.

Қазақстандағы Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Қостанай епархиясының хатшысы, иеромонах Геннадий (Бурдюжа); Қостанай епархиясының рухани тәлімгері, протоиерей Андрей Корчажников; Константино-Еленинский кафедралды соборының кілтшісі протоиерей Василий Королев; Сарыкөл шіркеу округінің құрметті өкілі протоиерей Виталий Клеба; Митрополиттік округ Басшысының жеке хатшысы, иеромонах Димитрий (Байдек); епархияның басты ғибадатханасының клиригі, игумен Иннокентий (Помогалов); Қостанай қаласындағы Никольский храмының кілтшісі протоиерей Виталий Гуцан; митрополит хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі, иерей Георгий Сидоров; Затобольск кентіндегі Қазан Құдай Анасы храмының басшысы иерей Андрей Крутин; Узункөл ауылындағы Петропавл храмының басшысы иерей Георгий Куслиев; иерей Алексей Ковалев, иерей Сергий Неверов, иерей Георгий Черных; иерей Евгений Бикмансуров; иеромонах Мефодий (Чулков); митрополиттің хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин; протодиакон Владимир Сыровацкий; диакон Елиазар Айтбакин; диакон Алексий Федорченко; иеродиакон Серафим (Кандеров); диакон Тарасий Такенов.

Сенушілердің дұғалық тағзым етуі мен рухани қолдауы үшін Иоанна-Богослов храмына Құдай адамы, әулие Алексийдің қасиетті жәдігерлері салынған кеме жеткізілді.

Қызметте дұға еткендер: игумения Ника (Отрощенко) бастаған Иверско-Петропавл әйелдер монастырінің монах әйелдері, Қостанай епархиялық басқармасының қызметкерлері және Қостанайдың басты храмының прихожандары.

Қостанай қаласындағы Константино-Еленинский соборының хоры Т. Жебрактың жетекшілігімен ән айтты.

Қвсиетті өлеңнен кейінгі уағызды иеромонах Димитрий (Байдек) оқыды.

Литургия соңында Митрополиттік округтің Басшысы дін қызметкерлері мен собор прихожандарын Мысырлық әулие Марияны еске алумен ерекшеленген жексенбі күнімен құттықтап, жиналғандарға уағыз сөзін арнады.

Құдайлық қызмет аяқталғаннан кейін митрополит Александр сенушілерге қасиетті суды шашты.

«Ұлы посттың бесінші жексенбісі Мысырлық әулие Марияға арналады. V ғасырда өмір сүрген осы әулиенің өмірі бәрімізге жақсы таныс. Оның өмір жолы Иерусалим патриархы, әулие Софроний жазған жан-жақты баяндаудан белгілі: Оның өмірінің он жеті жылы ауыр күнәларда өтті, ал Құдайға бет бұрғаннан кейін ол қырық жеті жыл бойы Иордан монастырінде тәубелік ерліктермен, үздіксіз дұғада және қатаң оразада өткізді, аптап ыстық пен қатты суыққа, аштық пен жабайы аңдардан туындайтын үрейге төтеп берді. Ежелгі тақуа жанның өмірі XXI ғасырда өмір сүріп жатқан біздерге Құдайдың адамдарға, тіпті күнә мен құмарлықтың қараңғылығына түгелдей батқан жандарға деген сүйіспеншілігінің күші мен ұлылығын көрсетеді. Құдай түзете алмайтын қателік жоқ, сүйіспеншілікке толы Көктегі Әке кешіргісі келмейтін күнә жоқ. Мысырлық әулие Марияның үлгісі бізге құтқарылудың қажетті шарттарын анық көрсетеді: жасалған күнәларға шынайы жүрекпен өкіну, Иеміз Иса Мәсіхтің көмегіне нық үміт арту, Құдай Анасының аналық шапағатына сену және, әрине, күнәлі әрі босаң өмір салтына түпкілікті шек қоюға нық шешім қабылдау. Мысырлық әулие Марияның бейнесі, оның өмірі, біз үшін қасиетті қария Зосима сақтап кеткен бұл мұра – өз өлмес жанының құтқарылуын іздеген әрбір сенушіге әсерлі көмек. Осы тақуа жанның өміріне қарап, біз Құдай үшін тек күнәнің ғана жеккөрінішті екенін, ал жамандықтан бас тартқан кез келген адамның Иеміздің сүйікті перзентіне айналатынын анық түсінеміз. Ондай жан туралы «көкте тәубеге мұқтаж емес жаннан гөрі көбірек қуаныш болады». Құдаймен татуласқаннан кейін жан жоғалтқан қадір-қасиетін қайта табады, адамға Құдайдың бейнесі мен Жаратушыға ұқсастығы қайтарылады. Сонымен бірге берік сенім, рухани күш, ар-ожданмен және жақындарымен татулық, жұбаныш пен рухани қуаныш сыйланады», – деп атап өтті митрополит Александр өз уағызында.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді