ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Құдайдың қызметтері
15.09.2024, 13:45

Жексенбіде Муромский қасиетті кінәздері Петр мен Февронияны еске алу күнінде Митрополит Александр Мәскеудегі Митрополит округінің Өкілдігінде Литургияны атап өтті.

Жексенбіде Муромский қасиетті кінәздері Петр мен Февронияны еске алу күнінде Митрополит Александр Мәскеудегі Митрополит округінің Өкілдігінде Литургияны атап өтті.

15 қыркүйек 2024 жыл – Елуінші күн мейрамынан кейінгі 12-ші аптада, Муромский ғажайып иелері, қасиетті кнәздері Петр мен Февронияның құрметіне арналған мерекесі және орыс монахтығының негізін салушылар Киев-Печерсктің мәңгі есте қалар әулиелері Антония мен Феодосийді еске алу күні.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қазақстан Митрополиттік округінің Өкілдігі -  Мәскеу қаласының Патриархалдық қонақылық үйіндегі қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және София есіміне арналған шіркеуде Құдайлық Литургияны атап өтті.

Оның Мәртебелісіне қызмет еткендер: Өкілдіктің клиригі, медицина ғылымдарының докторы, профессор игумен Агафангел (Гагуа); Митрополиттік округ басшысының көмекшісі иеромонах Антоний (Дробязко) және қонақылық үйдің клириктері

Ғибадат ету кезінде өкілдік қызметкерлері мен шіркеудің приходтары дұға жасады.

Литургиялық әндерді Анна Рожнованың жетекшілігімен шіркеу хоры орындады.

Христиандық ерлі-зайыптылардың қорғаушысы- қасиетті кнәздер Петр мен Феврония құрметіне арналған қосымша мерекелік тойлау - 2012 жылы 25 желтоқсанда Орыс Православие Шіркеуінің Қасиетті Синодымен, 1992 жылы киелі кнәздердің құрметті жәдігерліктерін көшіруін еске алу үшін оны 19 қыркүйектің алдындағы жексенбіде орындауға белгіленген болатын.

Жексенбілік Литургия кезінде православиелік отбасыларға, сүйіспеншілікті арттыруға, ерлі-зайыптылар арасындағы татулықты, келісімді және өзара түсіністікті нығайтуға, бала сүюді, отбасылық амандық пен ұзақ өмір сүруге арналған терең дұғалар мен арнайы өтініштер сұралды.

Ғибадат ету соңында Митрополиттік округтің басшысы діни қауымды, шіркеулік қызметтердің негізін салушылар мен Киев Печерск Лаврасын ұйымдастырушыларын еске алу күнімен, христиандық ерлі-зайыптылардың қамқоршылары құрметіне арналған мерекемен құттықтап, жиналғандарға архипасторлық уағызын айтты.

Біз христиандық ерлі-зайыптылардың  көктегі қорғаушылары - қасиетті кнәздер Петр мен Феврони Муромскилерді еске алу күнін атап өтеміз. Ал бүгін Құдайлық Литургияда біз адамдар арасындағы сыйластықтың, ерлі-зайыптылардың татулық пен ауызбіршілігі  тақуалық пен тазалықта сақталуы үшін арнайы дұғалар жасадық. Азғыруларға толы және өзімшілдіктің күшеюімен сипатталатын біздің дәуірде отбасылық құндылықтарды қалай сақтау керектігі туралы ойлана отырып, біз бір маңызды нәрсені түсінуіміз керек.Нағыз жеке киелілік Құдайдың қымбат, сирек кездесетін сыйы болғаны сияқты, отбасылық қарым-қатынастың кемелдігі де Алланың сыйы. Жеке киелілікке үнемі рухани күрес арқылы қол жеткізілетіні сияқты, отбасылық ізгілік ерлі-зайыптыларға уақыт өте келе және олардың рухани еңбектерінің арқасында келеді. Тек жердегі сезімдерге, сүйіспеншілікке, ортақ мүдделер мен жанашырлыққа негізделген неке уақыт өте оңай жойылады. Отбасын берік және мызғымас ететін не? Бұл сұраққа психологтар, әлеуметтанушылар және басқа да ғалымдар жүздеген жауатар беріп, көптеген кеңестер бере алады. Шіркеу Құдайдың рақымын неке одағының ажырамастығы мен беріктігінің кепілі деп санайды. Құдай отбасының өміріне енуі керек, ал отбасы шағын шіркеуге айналуы керек. Христиан отбасы Құдайдың сүйіспеншілігінің тостағанына айналады, ол осы сүйіспеншілікті жинайды, басқа отбасыларды тарта отырып айналасына осы қасиетті сезімнің жұпар иісін, алыс-жақындарына сыйлайды. Құрметті Серафим Саровтың: «Бейбіт рухқа ие болыңыз және айналаңыздағы мыңдаған адамдар құтқарылады», - деген сөзін еске түсірейік. Ұлы әулиенің: «Отбасыңда тыныштық рухы болсын, сенің қасыңда мыңдаған отбасы сақталады» деген ойын толықтыру әділетті болар еді. Құдай отбасыны бүкіл адамзат үшін сүйіспеншілік пен шығармашыл  күштің көзі  ретінде жаратқан. Бұл махаббат мектебі, имандылық мектебі, адам бақытының мектебі. Отбасында адам негізгі мінез-құлық нормалары мен құндылықтарды меңгереді, адамгершілік тәрбие алады және өз халқының рухани дәстүріне қосылады». Митрополит Александрдың уағызынан.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді