6 қазан 2024 жыл – Елуінші күн мейрамынан кейін 15-ші апта, адал да даңқты Пайғамбар Иоаннның шомылдыру рәсімі және Мәскеу және Коломенск митрополиті - Қиыр Шығыс пен Солтүстік Американың ағартушысы Әулие Иннокентийді еске алу күні.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Иверско-Серафимовский монастырінің София соборында 29 қыркүйек күні кештен бері Мәскеудің қасиетті Матронасының жәдігерліктері орналасқан күмбез астында Құдайлық Литургияны өткізді. Православиенің ұлы қасиеттісі Мәскеу және бүкіл Русь Әулие Патриархы Кириллдің батасымен 28 қыркүйек пен 10 қараша аралығында Қазақстанда болады.
Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер: Қазақстан Православ Шіркеуінің істері басшысы Қаскелең епископы Геннадий және Астана епархиясының викарийесі Талғар епископы Вениамин; Алматы приходтарының құремтті өкілі, Никольск соборының басшысы протоиерей Валерий Захаров; Құдай Анасының «Барлық қайғы-қасіретті қуанышы» белгішесінің құрметіне арналған алматылық шіркеудің басшысы протоиерей Евгений Воробьев, Алматы епархиясының конфессурасы архимандрит Иоанн (Сазонов), Богоявленский шіркеуінің басшысы протоиерей Валерий Шаврин, Алматы діни семинариясының ректоры м.а.,, Митрополит округінің ақпарат және баспа бөлімінің басшысы протоиерей Евгений Иванов; митрополиттің жеке хатшылығының басшысы иеромонах Прохор (Ендовицкий), Митрополит округі басшысының әкімшілік хатшылығының басшысы иерей Георгий Сидоров, Алматы православиелік діни семинариясының сырттай бөлімінің басшысы иерей Даниил Бобылев, Митрополиттік округтің ақпарат бөлімі басшысының орынбасары иерей Кирилл Коноплев, Алматыдағы Қазан соборының ключары протодиакон Николай Гринкевич, Митрополиттік хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыроватский, Алматы епархия басқармасының көмекшісі иеродиакон Митрофан (Огнев), дикон Андрей Плахута, диакон Илья Воробьев.
Литургия әндерін Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Шіркеу ән өнерін дамыту жөніндегі Патриархалдық кеңестің мүшесі О.Н. Овчинников жетекшілігімен Қазақстан митрополиттік округінің және О.Усолцеваның жетекшілігімен София шіркеуінің хоры орындады.
Ғибадат ету кезінде дұға еткендер: Иверско-Серафимовский монастырының басшысы игумен Любовь (Якушкина) монастырь апаларымен; Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері; Оңтүстік астана храмдарының приходтары және көптеген қажылық етушілер.
Протоиерей Евгений Иванов қасиетті өлең оқуды пайдалана отырып, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Мәскеудің Қасиетті Матронасының жәдігерліктерін Қазақстанға әкелуге байланысты Жолдауын оқыды.
Литургия соңында қасиетті Матронаға ұлықтау жасады.
Қалыптасқан дәстүр бойынша әулие ақсақал иитрополит Иосифтің (Чернов) қабірінде иерархтар, діни қызметкерлер және сенушілер «Мәңгілік естелік» әнін айтты.
Қазақстан Митрополитінің Басшысы иерархтарды, дін қызметкерлерін және жиналған қауымды жексенбілік күн – Кіші Пасха мерекесімен құттықтап, тағылымды сөз сөйледі.
Ғибадатханадағы және монастырь аумағындағы қауіпсіздік пен тәртіпті Жетісу казактары қамтамасыз етті.
София соборында ғибадат ету аяқталған соң сенушілер қасиетті Матронаның жәдігерліктеріне тағзым етуді жалғастырды.
Қасиеттілерге кіру тегін - 7:00-ден 21:00-ге дейін.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр