ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және қоғам
11.12.2024, 10:00

Митрополиттік округ басшысының Еуразиялық мәдениет қорының президенті Е.М. Қанапьяновпен кездесуі өтті

Митрополиттік округ басшысының Еуразиялық мәдениет қорының президенті Е.М. Қанапьяновпен кездесуі өтті
10 желтоқсан 2024 жыл. Алматы. Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің рухани-мәдени және әкімшілік орталығының ғимаратында Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Еуразиялық мәдениет қорының президенті Ерұлан Мұсаханұлы Қанапьяновпен кездесуі өтті.
 
Е.М. Қанапьянов – белгілі композитор, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, қоғам қайраткері және меценат, «Дәстүрлер сыйлығы» халықаралық балет фестивалінің бас директоры, Алтын адам қорының президенті, «Өрлеу» халықаралық хореографиялық байқауының құрылтайшысы, Т.Қ. Жүргенова атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының қамқоршылық кеңесінің мүшесі, П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі, А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі.
 
Кездесуга қатысқандар: Алматы православиелік теологиялық семинариясының ректоры м.а. протоиерей Евгений Иванов, теологиялық мектептің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Иоанн Ливинский, Еуразия мәдени қорының хатшысы Е.Парфентьева.
 
Сәлемдескен соң Митрополит Александр қонаққа Қазақстан православие шіркеуінің өмірі мен қызметі туралы айтып берді, әсіресе Митрополиттік округтің аясында жүзеге асырылып жатқан мәдени, рухани және білім беру жобаларына тоқталды.
 
Ерұлан Мұсаханұлы Жоғары Мәртебелі мырзаға Еуразия халықтарының мәдени мұрасы мен салт-дәстүрін дәріптейтін мекемелер, ұйымдар мен мәдениет қайраткерлері арасындағы мәдени ынтымақтастықты орнату, жетілдіру және кеңейту мақсатында 2004 жылдың желтоқсан айында құрылған Еуразиялық мәдениет қорының жұмысы туралы ақпарат берді.
 
Қазақстан Православие шіркеуінің Басшысы  және Е.М. Қанапьянов Митрополиттік округтің мәдениет бөлімі мен Еуразиялық мәдениет қорының өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
 
Ерұлан Мұсаханұлы оқытылатын пәндерді меңгеруде үздік нәтиже көрсетіп, мәдени-ағарту шараларын ұйымдастыру мен өткізуге белсене қатысқан семинарияның 1-курс студенті Глеб Богдановқа Еуразия мәдениет қорының дипломы мен атаулы шәкіртақысын табыс етті.
 
Достық жағдайда өткен кездесу соңында тараптар ізгі тілектерімен алмасты. Иерарх қонаққа өзінің ғылыми еңбегі – «Орталық Азиядағы христиандық», «Богословский вестник» ғылыми-теологиялық журналының соңғы нөмірін және Митрополит округінің 2025 жылға арналған күнтізбесін сыйға тартты. Е.М. Қанапьянов архипасторға өзінің «Ғалам тағдырлары» атты деректі әңгімелер мен очерктер кітабын сыйға тартты.
Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді