Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Жаңа жыл қарсаңында және Рождество алдындағы қасиетті күндерде Астана және Алматы епархиясының «Мейірімділік» Православие қызметі Рождество мерекесіне арналған әлеуметтік-қайырымдылық іс-шараларын өткізді.
Әлеуметтік қызмет еріктілері мен мейірбан әпке-сіңілілер атаулы көмек көрсету қамқорлығындағы адамдарды, мейіргерлер күтімі көрсетілетін алматылық ауруханалардағыларды, Оңтүстік астанадағы паллиативтік көмек орталығына (Хоспис) келушілерді, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтындағыларды, Алматы епархиясының әйелдерге арналған «Аналар үйі» дағдарыс орталығындағыларды және Алматы облысы Түймебаева ауылындағы Қазақстан Митрополиттік округінің әлеуметтік қорғау орталығы - қарттар үйінде тұратындарды келісім мен Құдайдың адамдарға деген махаббаты мерекесімен құттықтады.
Акцияның ұйымдастырушылары үш жүзден астам адамға сыйлықтар табыс етті. Еріктілер көп балалы отбасындағы балаларға қолдан жасалған құттықтау қағаздарын сыйлады. Қаладағы Орталық жексенбілік мектептің тәрбиеленушілері концерттік бағдарлама көрсетті.
«Мейірімділік» епархиялық қызметі де «Рождествода қуаныш сыйла» қайырымдылық акциясын өткізді. Рождество мерекесі қарсаңында қалыптасқан дәстүр бойынша әлеуметтік қорғалмаған және көп балалы отбасындағы балалары тілектерін хатқа жазды. Осы жарқын мерекеде алматылықтардың, приходтар мен еріктілердің белсенділіктерінің арқасында 199 бала сыйлық алды.
12 қаңтарда акция аясында аз қамтылған отбасы балаларына арналған Никольск соборы жанындағы шіркеулік мәжіліс залында рождестволық шырша өтті. Қойылым басталар алдында иеромонах Херувим (Левин). жиналғандарды Рождество мерекесімен құттықтады. Шіркеу жастар клубтарының қатысушылары музыкалық қойылым көрсетті, одан кейін шырша айналасында билер, дөңгелек билер және ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен байқаулар өтті.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр