ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
15.01.2025, 14:15

Алматыда Рождество мерекесіне арналған концерт өтті

Алматыда Рождество мерекесіне арналған концерт өтті

14 қаңтар 2025 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының концерт залында Рождество мерекесіне арналған дәстүрлі концерт өтті.

Концерттік бағдарламаға қатысқандар: Митрополиттік округ хоры (регент – Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері Олег Овчинников, хормейстер – Виктория Дударева); Никольск соборы жанындағы Алматы қаласының Орталық жексенбілік мектебі (директоры - Митрополит Иосиф (Чернов) премиясының лауреаты Галина Черепанова); Алматы қаласындағы №83 гимназияның «Аспан» хореографиялық ұжымы (директоры – Шолпан Қуандықова); республикалық байқаулардың лауреаты «Көкек» балалар хоры (директоры – Наталья Марченко, концертмейстер – Шәкім Еркебұлан); Т.Әбдірашев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі (дирижер – Халықаралық конкурстардың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Ахмедьяров); Митрополиттік хордың солистері, халықаралық байқаулардың лауреаттары – Софияна Благодарная, Қазақстан Республикасы мәдениетінің үздігі Роза Бақбергенова және Евгений Шагаров.

Көрермендер назарына классикалық және заманауи авторлардың шығармалары, рухани әндер, симфониялық шығармалар, опералық ариялар, халықтық рождестволық әндер мен күйлер ұсынылды.

Мерекелік шараны аша отырып, Қазақстан Православие шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр жиналғандарды Рождество және Жаңа жыл мерекесімен  құттықтады. Жоғары Мәртебелі филармония басшылығын Қазақстандағы ең көне музыкалық мекеменің құрылғанына 90 жыл толуымен шын жүректен құттықтады.  

Іс-шараға қатысқандар: Астана епархиясының викарийлері – Қазақстан Митрополиттік округінің істері басшысы Қаскелең епископы Геннадий, Талдықорған епископы  Клавдиан және Талғар епископы Вениамин, Алматының Иверско-Серафимовский әйелдер монастырінің басшысы  игумения Любовь (Якушкина) монастырь тұрғындарымен; Оңтүстік астанадағы ғибадатханалардың діни қызметкерлері мен қауымдары.

Музыкалық мерекенің қонақтары болғандар: Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулы Д. А. Тураев жұбайымен, қоғам қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді