ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Мереке
20.01.2025, 12:25

Митрополиттік округ басшысы Алматыдағы шіркеулердің жексенбілік мектептерінің оқушыларын Рождество мерекесімен құттықтады

Митрополиттік округ басшысы Алматыдағы шіркеулердің жексенбілік мектептерінің оқушыларын Рождество мерекесімен құттықтады

19 қаңтар 2025 жыл. Алматы. Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің рухани-мәдени орталығының тақ залында Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Оңтүстік астанадағы жексенбілік мектептердің оқушыларымен және мұғалімдерімен кездесуі өтті.

Іс-шараға қатысқандар: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников; Алматы теологиялық семинариясының ректоры м.а., Митрополит округінің ақпарат және баспа бөлімінің басшысы протоиерей Евгений Иванов; Митрополиттің жеке хатшылығының басшысы иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин, Митрополиттік округтің мәдениет бөлімінің басшысы, АПРС регенттік бөлімінің басшысы Л.Е. Горичева; Орталық жексенбілік мектеп директоры Г.В. Черепанова, Алматы қаласындағы жексенбілік мектептердің мұғалімдері және оқушылардың ата-аналары, епархия басқармасының қызметкерлері, Оңтүстік астанадағы шіркеулердің приходтары.

Митрополит Александр жиналғандарды Жаратқан Иеміздің Крещение мерекесімен, қасиетті күндермен және келіп жеткен Жаңа жылмен құттықтады.

«Құдай Ұлын дәріптеу игі дәстүр болып табылады - отбасы мен жақын достарының ортасында Рождествомен байланысты ізгі хабарды айту, әндерін шырқау, Иеміздің адамдарға деген сүйіспеншілігін әлемнің әртүрлі тілдерінде ежелгі және заманауи әйгілі әндерін айту кіреді. Міне, біз бүгін мерекенің қуанышын тағы да бір-бірімізбен бөлісуге жиналдық. Әрқайсымыз жақсы көңіл-күйде болып, мүмкіндігімізше қайғы-қасіретке түспес үшін, өмірде қуанышты, бақытты күндердің көп болғанын қалаймыз. Туылған Құдай-Нәресте Мәсіх бізге үлкен және сонымен бірге қарапайым шындықты үйретеді, яғни біз өз бақытымызды жасаушылары болып табыламыз. Осы отырған баршаңызға, қымбаттыларым, өмір жолында Құдайдан жәрдем, оқуларыңызда және сүйікті істеріңізде сәттілік, ата-аналарыңыз бен ұстаздарыңызға, өзіңізден үлкендерге құрмет, құрдастарыңызбен және кішілермен қарым-қатынаста мейірімділік пен түсіністік тілеймін. Сіздерге бейбітшілікте, даналық пен сүйіспеншілікте өсулеріңізді тілеймін», - деді архипастор, атап айтқанда.

Кездесу барысында Алматы жексенбілік мектептерінің оқушылары мерекелік тропарион мен кондакты, рождестволық әндер мен халық әндерін орындады.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы жиналғандарға Жаратқан Иенің мейіріміне бөленуін, денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілей отырып, сыйлықтар тарту етті.

Мұғалімдер мен оқушылар атынан Митрополит Александрға Орталық жексенбілік мектебінің директоры Г.В. Черепанова ізгі тілегі мен құттықтауын айтты.

Кездесу соңында естелік ретінде ұжымдық суретке түсті.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді