28 қаңтар 2025 жыл. Алматы. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының концерт залында ұлы орыс композиторы П.И. Чайковскийдің туғанына 185 жыл толуына арналған концерті өтті.
Іс-шараны Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Алматы епархиясының мәдениет бөлімі (төрағасы – Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы жанындағы орыс шіркеулік ән өнерін дамыту жөніндегі шіркеу-қоғамдық кеңесінің мүшесі, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері Олег Овчинников; басшысы – Ресейдің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Л.Е. Горичев) ұйымдастырды.
Концертке қатысқандар: Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников жетекшілігімен Қазақстан митрополиттік округінің хоры және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Б.К. Демеуова жетекшілігімен Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хоры; орыс шіркеулік ән өнерін дамыту жөніндегі шіркеу-қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары, Мәскеу синодтық хорының көркемдік жетекшісі, еңбек сіңірген әртісі А.А. Пузаков.
Мерекелік іс-шараның құрметті қонақтарының қатарында - Қазақстан Митрополиттік округі істерінің басшысы Қаскелең епископы Геннадий, Алматы православиелік рухани семинариясының студенттері, қоғам қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ұстаздар және Оңтүстік астананың орта және жоғары музыкалық оқу орындарының студенттері болды.
Жиналғандардың назарына П.И. Чайковскийдің әйгілі музыкалық шығармаларына классикалық ақындардың өлеңдері ұсынылды
Көрермендерді халықаралық байқаулардың солист – лауреаттары: Софьяна Благодарная мен Роза Бақбергенова әндерді шебер орындап қуантты.
Кештің басты оқиғасы А.А. Пузаковтың жетекшілігімен Қазақстан митрополиттік округі мен Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік капелланың бірлескен хоры ұлы композитордың музыкасымен орындаған әулие Иоанн Златоуста Литургиясының әндері болды.
Іс-шара соңында Алматы православиелік рухани семинариясының ректоры м.а., Митрополит округі ақпарат бөлімінің басшысы протоиерей Евгений Иванов филармония басшылығына, кешті ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысын білдірді.
Концерттің бейнежазбасын Қазақстан Православие Шіркеуінің «Семиречье» телестудиясы жүргізді (директоры – еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Виктория Посаднева, операторы А. Шмидт); фотосурет жасаған ақпарат бөлімінің қызметкері А.Щеглов.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр