ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
27.02.2025, 12:45

Алматы семинариясының өкілдері «Теология, қоғам, мемлекет: диалог кеңістігі» атты ІІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты

Алматы семинариясының өкілдері «Теология, қоғам, мемлекет: диалог кеңістігі» атты ІІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты

21-22 ақпанда 2025 жылы Саратов теологиялық семинариясында Алматы семинариясымен бірлесіп ұйымдастырылған «Теология, қоғам, мемлекет: диалог кеңістігі» атты ІІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Форумға Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Алматы теологиялық мектебінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Пленарлық отырыста Қазақстан Православие Шіркеуі Басшысының құттықтау сөзін жариялағаннан кейін Алматы семинариясының ректорлары, протоиерей Евгений Иванов және ұйымдастыру комитетінің басқа өкілдері, Алматы семиянариясының шіркеу-тарихи пәндер бөлімінің меңгерушісі протоиерей Александр Гайченя баяндамаларын оқыды. Александр әкенің баяндамасы Митрополит Иосиф (Чернов) кезіндегі Қазақстандағы шіркеу-мемлекеттік қарым-қатынас тәжірибесіне арналды.

Конференцияның секциялық отырыстарында шіркеу-тәжірибелік пәндер кафедрасының оқытушылары иерей Кирилл Громов пен диакон Рустик Якупов, сондай-ақ ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор А.П. Соловьев және 1 курс студенті Глеб Богданов баяндамаларын оқыды.

21 ақпанда «Постсекулярлық қоғамдағы діни практикаларының көптүрлілігі: әлеуметтік аспектілер» секциясында иерей Кирилл Громов «Неопятидесятниктік қауымдардың Қазақстан аумағында 1990 жылдан қазіргі уақытқа дейін пайда болуы және таралуы» тақырыбында зерттеу баяндамасын жасады.

Сол күні «Шіркеу және зайырлы мәдениеттің заманауи сын-қатерлері» секциясында диакон Рустик Якупов «Орыс Православ Шіркеуінің жасанды интеллектке көзқарасы» тақырыбында баяндама жасады, ал студент Глеб Богданов интернет кеңістігіндегі православтық миссияның мәселелері мен ерекшеліктеріне арналған тақырыпты қозғады.

22 ақпанда конференцияның біріктірілген теологиялық-философиялық секциясында семинарияның ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры А.П. Соловьев онлайн форматта баяндама жасады. Баяндаманың тақырыбы: «XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы орыс діни философтарының дін философиясындағы секуляризация феноменін интерпретациялау: методологиялық аспект».

Ғылыми шара аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар үшін мәдени бағдарлама ұйымдастырылды. Алма семинариясы делегациясының мүшелері сондай-ақ Саратов қаласындағы кафедралды Троицкий соборындағы құлшылықтарға, соның ішінде түнгі жастар Литургиясына қатысты.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді