21-26 ақпан 2025 жылы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Орталық жексенбілік мектептің бір топ тәрбиеленушілері мен ұстаздары Астана мен Қарағанды қалаларында болды.
«Қазақстандық Пушкиниада» Халықаралық шығармашылық фестивалінің бағдарламасы аясында қонақтар А.С. Пушкиннің өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-музыкалық композициясын ұсынд.
Балаларды жолда алып жүргендер: Орталық жексенбілік мектеп директоры Г.В. Черепанова, ұстаздар В.Н. Попов, М.В. Привалова, Т.Н. Ремизова, иеродеакон Афанасий (Козел) және дтректордың көмекшісі Л.Л. Бражникова.
Қазақстанның астанасында алматылықтар Қазақстан Митрополиттік округінің елшілерге тең Кирилл мен Мефодий атындағы рухани-мәдени орталығының үлкен концерттік залында өнер көрсетті. Шығармашылық бағдарламаның соңында Астана приходтарының құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев) жас өнерпаздарға қызықты, мазмұнды және түрлі-түсті қойылымы үшін жылы лебізін білдірді.
Орталық жексенбілік мектеп оқушылар сорнымен қатар еліміздің бас қаласының киелі орындары мен көрікті жерлерін аралады.
Қарағандыға сапары барысында Оңтүстік астананың өкілдері студенттерге, жексенбілік мектеп ұстаздарына және Крестовоздвиженский шіркеуінің приходтарына шығармашылық бағдарламаны ұсынды.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр