ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және қоғам
04.03.2025, 12:45

Петропавл епархиясында жыл сайынғы танымдық «Жаппай диктант» атты акциясы өтті

Петропавл епархиясында жыл сайынғы танымдық  «Жаппай диктант» атты  акциясы өтті

4 наурыз 2025 жыл. Петропавл. Гуманитарлық-техникалық колледжде жыл сайынғы «Жаппай диктант» танымдық іс-шарасы өтті.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараны Петропавл епархиясының діни білім беру және катехизис бөлімі, сондай-ақ Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшілігі ұйымдастырды.

Зияткерлік сайысқа қатысқандар: Гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері мен қасиетті Сергий Сергия Радонежский атындағы орта мектептің оқушылары және Петропавл епархиясы шіркеулерінің діни қызметкерлері.

Іс-шараның құрметті қонақтары болғандар: Петропавл және Булаевский архиепископы Владимир, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Р.И. Қасенова, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің хатшысы С.С. Гальчина, Россотрудничествоның Қазақстан Республикасындағы жастар жобаларының жетекшісі С.А. Каймашников.

Диктантқа қатысқан сайыскерлердің жасы 13 пен 68 жас аралығында болды.

Епархия хатшысы протоиерей Сергий Первушин акцияға қатысушылар алдында құттықтау сөзін сөйледі.

Жазбаларының дұрыстығын тексеруге биылғы жылы 70-тен астам адам өз еркімен өтініш білдірді. Қазылар алқасының құрамына Петропавл қаласындағы мектептер мен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филологтары мен оқытушылары кірді.

Шығармаларды қарау барысында «Кербес» халық аспаптар ансамблі Ұлы Отан соғысына арналған концертпен жиналғандар алдында солист И.С. Ұланов және үлгілі «Қоңырау үні» ансамблі.

Барлық жеңімпаздар диктантқа қатысқаны үшін сертификаттар, Ұлы Жеңіс тақырыбына арналған әдебиеттер жинағы мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Марапаттау рәсімінің соңында жиналғандарға Ұлы Жеңіске арналған «А зори здесь тихие» повесі мен әйгілі шығармалар бойынша қойылым ұсынылды.

Іс-шара бірлескен шай ішумен аяқталды.

«Жаппай диктант» жобасы 2004 жылдан бері Ресей мен ТМД елдерінде жүргізіліп келеді. Танымдық іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамның назарын сауат ашу мәселесіне аудару және сауатты жазу мәдениетін дамыту.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді