ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
13.03.2025, 10:35

Оңтүстік астанада «Ананың хаты» фильмі көрсетіледі

Оңтүстік астанада «Ананың хаты» фильмі көрсетіледі

16 наурыз 2025 жылы Алматыда Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Никольский соборы жанындағы шіркеу мәжіліс залында «Ананың хаты» көркем-деректі фильмінің көрсетілімі өтеді.

Фильм Мәскеу және Бүкіл Русь Қасиетті Патриархы Кириллдің батасымен «СПАС» телеарнасының шығармашылық тобы (бас директоры – Б.В. Корчевников) ұзақ жылдар бойы түсікпен күресіп келе жатқан «Ана бақыты» қорының қолдауымен «Амальгама студия» кинокомпаниясымен бірлесіп түсірілген.

«Ананың хаты» - балалардың туылғанға дейінгі өмірін қорғау туралы алғашқы толықметражды деректі-көркем фильм. Жоба түсік жайлы маңызды тақырыпты көтеріп қана қоймай, бұл мәселені шешудің түрлі жолдарын ұсынады. Фильмнің драмалық құрамдас бөлігі әртүрлі мамандықтағы адамдар – психологтар, заңгерлер, гинекологтар және дін қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісетін және өмірлерінде кездесетін түсік тастау мәселесін әңгімелейтін деректі қосымшаларды қамтиды.

Кіру тегін, көруге барлығы шақырылады. Көрсетәләм 16:00-де басталады. Никольский соборы жанындағы шіркеу мәжіліс залы төмендегі мекенжайда орналасқан: Байтұрсынов көш., 56/5.

Анықтама телефоны: + 7 777 929 25 34

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді