16 наурыз 2025 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Никольский соборы жанындағы шіркеулік мәжіліс залында «Ананың хаты» атты көркем-деректі фильмінің көрсетілімі өтті.
Кинотаспа Мәскеу және Бүкіл Русь Қасиетті Патриархы Кириллдің батасымен «СПАС» телеарнасының шығармашылық тобы (бас директоры – Б.В. Корчевников) «Амальгама студиясы» кинокомпаниясымен бірлесе отырып, көп жылдар бойы түсікпен сәтті күресіп келе жатқан «Ана бақыты» қорының қолдауымен шығарылған.
«Ананың хаты» - балалардың туылғанға дейінгі өмірін қорғау туралы алғашқы толықметражды деректі фильм. Жоба түсіктің маңызды тақырыбын көтеріп қана қоймай, бұл мәселені шешудің түрлі жолдарын ұсынады. Фильмнің драмалық құрамдас бөлігі әртүрлі мамандықтағы адамдар – психологтар, заңгерлер, гинекологтар және дін қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісетін және өмірлерінде түсік тастау мәселесімен қалай кездесетіндері туралы әңгімелейтін деректі кірістірулерді қамтиды.
Іс-шараның ұйымдастырушы Қазақстан Митрополиттік округінің мәдениет комиссиясы (басшысы – еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Л.Е. Горичева) болып табылады.
Кинотаспаның көрсетіліміне қатысқандар: Астана епархиясының викарийі Талдықорған епископы Клавдиан, Қазақстан православиелік дәрігерлер қоғамының төрағасы, Алматы епархиясының «Трезвение» қоғамының конфессері протоиерей Анатолий Измеров; Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Митрополиттік округі мәдениет басқармасының бастшысы Л.Е. Горичева; Орталық жексенбілік мектеп директоры Г.В. Черепанова.
Фильмнің көрермендері Алматы шіркеулерінің діни қызметкерлері мен приходтары, «православиелік әйелдер Одағының» өкілдері, Алматы православиелік теологиялық семинариясының студенттері және Оңтүстік астанадағы жексенбілік мектептердің оқушылары болды.
Фильм көрсетілуінің алдында епископ Клавдиан залға жиналғандар алдында сөзін сөйлеп, сондай-ақ фильмнің тұжырымдамасы мен оның миссиясы – түсік түсіру мәселесіне және оны шешудің ықтимал жолдарына назар аударуға қысқаша тоқталды.
Іс-шара соңында фильмді талқылау өтті: көрермендер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, көтерілген тақырыптарды талқылап, дін қызметкерлерімен тілдесе алды.
Оқиғаның бейнежазбасын Қазақстан православие шіркеуінің «Семиречье» телестудиясы жүргізді (директоры – мәдениетке еңбек сіңірген қайраткер Виктория Посаднева, оператор А. Шмидт); фотосуретке түсірген - ақпарат бөлімінің қызметкері А.Щеглов.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр