23 наурыз 2025 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Иверско-Серафимовский әйелдер монастырінің София соборында «Басында Сөз болған...» атты ІІ Бүкілқазақстандық шіркеу оқулары байқауының аймақтық кезеңі өтті.
Байқауды ұйымдастырушы – Қазақстан Православие Шіркеуінің мәдениет бөлімі (жетекшісі РФ еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Л.Е. Горичева).
Іс-шара өскелең ұрпақтың назарын шіркеу славян тілінің мәдени байлығы мен мағыналық тереңдігіне аудару, сондай-ақ литургиялық мәтіндердің рухани мұрасын түсіну және ойлану мақсатында ұйымдастырылды.
Астана епархиясының викарийі, Талдықорған епископы Клавдиан басқарған қазылар алқасының құрамында болғандар: Оңтүстік астана приходтарының құрметті өкілі, Никольский соборының басшысы протоиерей Валерий Захаров; Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иеерй Георгий Сидоров, Митрополиттік хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин; Алматы семинариясының музыкалық-теориялық пәндер оқытушысы Е.В. Савельева; Вознесенский соборының жексенбілік мектебінің ұстазы И.В. Быкова.
Іс-шара Түркістан епархиясының тұңғыш архипасторы, «Ұлы даланың елшісі» архиепископ Софонийдың (Сокольский) туғанына 225 жыл толуын мерекелеу аясында өтті.
Аймақтық байқау кезеңіне 30-дан астам қатысушы екі жас тобы бойынша өнер көрсетті: Оңтүстік астанадағы жексенбілік мектептердің оқушылары (10 жастан 16 жасқа дейін) және Алматы қаласындағы шіркеулердің шіркеу оқырмандары (17 жас және одан жоғары).
Байқау басталар алдында епископ Клавдиан келгендермен амандасып, жиналғандарға діндарлардың ғибадатқа белсене қатысуының маңыздылығы туралы насихат сөздерін айтты.
Іс-шара барысында байқауға қатысушылар таңғы және кешкі дұғаларды, Інжілді және Апостолды, Сағат кітабын, Псалтирді, литургиялық мәтіндерді саналы оқу дағдыларын, сондай-ақ шіркеу славян тілінен литургиялық ғұрыптардың әртүрлі фрагменттерін орыс тіліне аудару шеберлігін көрсетті.
Осы күні Қазақстан Митрополиттік округінің епархияларында шіркеу оқулары байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқаудың жазбаларын қазылар алқасының мүшелері қарап, соның негізінде байқау жеңімпаздары анықталатын болады.
Байқауды қорытындылау 27 сәуірде Алматы қаласындағы Иверско-Серафимоский монастырінің аумағында өтетін пасха фестивалі аясында өтеді.
Ғибадат етудің бейнежазбасын Қазақстан Православие Шіркеуінің «Семиречье» телестудиясы жүргізді (директоры – еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Виктория Посаднева, операторы А. Шмидт); фотсуретке түсірген - ақпарат бөлімінің қызметкері А.Щеглов.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр