ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
26.03.2025, 14:40

Астанада Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Әулие Тихонды еске алуға арналған зияткерлік викторина өтті

Астанада Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Әулие Тихонды еске алуға арналған зияткерлік викторина өтті

25 наурыз 2025 жыл. Астана. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Кирилл мен Мефодий әулиелері атындағы рухани-мәдени орталығында Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Әулие Тихонның тынығуының 100 жылдығына арналған православиелік викторинасы өтті.

Зияткерлік сайыстың ұйымдастырушылары: Көкшетау және Ақмола епархиясының жастар ісі жөніндегі бөлімі және Петропавл және  Булаев епархиясының діни білім беру және катехизация бөлімі.

Викторинаға қатысқандар: Алматы православиелік теологиялық семинариясының студенттері және Қазақстан Митрополиттік округі епархиясының православиелік жастар клубтарының өкілдері.

Қазылар алқасының құрамында болғандар: Астанадағы Успен кафедралды соборының кілтшісі иеромонах Димитри (Байдек), Қазақстан Митрополиттік округінің жастар ісі жөніндегі комиссиясының жетекшісі иерей Георгий Рублинский, Астана православие жастар қозғалысының жетекшісі иерей Сергей Дианов.

Іс-шараны Көкшетау епархиясының жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы М.Сафин жүргізді.

Иеромонах Димитрий (Байдек) Әулие Тихонның өмірі мен ерліктері жайлы алғы сөзін сөйледі.

Зияткерлік сайыс аяқталғаннан кейін қазылар алқасының мүшелері қорытындыны шығарып, жеңімпаздарды жариялады:

I орын – Алматы православиелік теологиялық семинариясының кіші курстар құрамасы;

II орын – Астаналық православ жастар қозғалысының командасы;

III орын – «Радонеж» Петропавл епархиясының командасы.

Іс-шара соңында қазылар алқасының төрағасы иеромонах Димитрий (Байдек) қатысушыларға тағылымды сөзін сөйлеп, жеңімпаздарға сертификаттар мен естелік сыйлықтарды табыс етті.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді