ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
01.04.2025, 11:35

Орталық жексенбілік мектебінің тәрбиеленушісі «Лето Господне» Халықаралық әдеби байқауының XI маусымының жеңімпазы атанды

Орталық жексенбілік мектебінің тәрбиеленушісі «Лето Господне» Халықаралық әдеби байқауының XI маусымының жеңімпазы атанды

22-25 наурыз 2025 жылы Мәскеуде Халықаралық балалар-жасөспірімдердің әдеби байқауының XI тікелей қортынды кезеңі өтті.

Шығармашылық байқауды жыл сайын Орыс Православие Шіркеуінің Баспа кеңесі Мәскеулік әулие Филерет атындағы рухани-ағартушылық бағдарламалар орталығының қатысуымен және Президенттік гранттар қорының қолдауымен өткізеді.

Жарысқа Ресей, Беларусь, Эстония, Қырғызстан және Қазақстанның өкілдері қатысты.

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен іс-шараға Алматыдағы Никольский соборы жанындағы Орталық жексенбілік мектептің тәрбиеленушілері қатысты. Басталған байқаудың сырттай кезеңіне 5 тәрбиеленуші қатысты: Кира Василенко, Евгения Корниенко, Дарья Лаюрова, Диана Русинова және Анна Селина.

Сырттай кезеңдегі жұмыстарды сараптау кеңесінің құрамына кірген тіл мен әдебиет педагогтары бағалады. 150 үздік жұмыстың қатарына Кира Василенко, Евгения Корниенко, Диана Русинова және Анна Селинаның шығармалары кірді. 2025 жылдың ақпан және наурыз айларында балалар «Наурыз тамшылары» онлайн-семинарында әдеби шеберліктен сабақ алды.

Шығармашылық байқаудың барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша 22-25 наурызда Мәскеуде өткен байқаудың финалдық кезеңіне Диана Русинова мен Евгения Корниенко шықты.

Күндізгі жұмысты жазу 23 наурызда өтті. Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 8-9 сыныптар арасындағы жас тобында Диана Русинова жеңімпаз атанды.

25 наурызда Орыс Православие Шіркеуінің Баспа кеңесінің төрағасы, Калужск және Боровск митрополиті Климент басқарған байқау жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі Құтқарушы Мәсіх Шіркеуінің Ақ залында өтті.

Жеңімпаздарды іс-шараның құрметті қонақтары құттықтады: ақын, Ресей Жазушылар одағының хатшысы, запастағы полковник Игорь Витюк; ақын, Патриархалдық әдеби сыйлықтың лауреаты Виктор Кирюшин; ақын, педагог, публицист, «Алтын Жауынгер» славян өнері форумының директоры Александр Орлов.

Лауреаттардың шығармалары байқау финалистерінің «Күннің алтын сәулесі» және «Күміс сәуле» атты үздік шығармашылық жұмыстарының екі жинағында жарияланатын болады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді