ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
02.04.2025, 13:50

Қостанайда ІІ Бүкілқазақстандық шіркеу оқуларының «Басында Сөз болған...» атты байқауының аймақтық кезеңі өтті

Қостанайда ІІ Бүкілқазақстандық шіркеу оқуларының «Басында Сөз болған...» атты байқауының аймақтық кезеңі өтті

30 наурыз 2025 жыл. Қостанай. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Никольский шіркеуінің жексенбілік мектебінде «Басында Сөз болған...» атты ІІ Бүкілқазақстандық шіркеу оқулары байқауының аймақтық кезеңі өтті.

Іс-шара Православиелік кітап Күнін мерекелеуге және Қазақстан жерінің бірінші иерархы – архиепископ Софонидың (Сокольский) туғанына 225 жыл толуына орайластырылып отыр.

Никольский шіркеуінің кілтшісі протоиерей Виталий Гуцан бастаған қазылар алқасының құрамында болғандар: Қостанай шіркеу округінің құрметті өкілі иерей Андрей Крутин және Никольский шіркеуінің жыршысы Людмила Литовка.

Байқаудың аймақтық кезеңіне оқырмандар, жыршылар, қалалық приходтардың жексенбілік мектептерінің тәрбиеленушілері, Қостанай қаласының православиелік жастар қозғалысының белсенділері, сондай-ақ Тобыл қаласындағы Құдай Анасының Қазан белгішесі құрметіне арналған шіркеудің жыршылары қатысты.

Іс-шара барысында байқауға қатысушылар таңғы және кешкі дұғаларды, Евангелия мен Апостолды, Часослов, Псалтирді, литургиялық мәтіндерді оқу, сондай-ақ шіркеуславян тілінен литургиялық тағайындалулардың түрлі үзінділерін орыс тіліне аудару бойынша шеберліктерін көрсетті.

Байқау аясында қатысушыларға архиепископ Софониидың (Сокольский) өмірі мен қызметіне арналған презентация ұсынылды.

Іс-шара соңында әрбір оқырманға қатысқаны туралы естелік мадақтамасы табыс етілді.

ІІ Бүкілқазақстандық мәнерлеп оқу байқауының қорытындысын шығару 27 сәуірде Алматы қаласындағы Иверско-Серафимовский әйелдер монастырінің аумағында өтетін пасхалық фестиваль аясында өтеді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді