25 сәуір 2025 жыл. Алматы. Алматы православиелік теологиялық семинариясының ғимаратында «Жеңіс диктанты» атты білім беруге арналған халықаралық акциясы өтті
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс- шараны Алматы теологиялық семинариясы мен Оңтүстік астанадағы Россотрудничество өкілдігі ұйымдастырды.
Акция әлемнің 90 елінде өтіп жатыр, қатысушыларға арналған тест тапсырмалары оннан астам тілде қолжетімді.
«Жеңіс диктанты» жастардың Ұлы Отан соғысы оқиғаларына деген қызығушылығын арттыру, тарихтың осынау қасіретті кезеңі туралы білімдерін сынауға мүмкіндік беру және ата-бабаларының ұмыт болған ерліктері туралы тың мәліметтерді білуге арналған.
Зияткерлік сайысқа қатысқандар: жексенбілік мектеп оқушылары, жастар клубтарының өкілдері және Оңтүстік астана шіркеуінің приходтары.
Іс-шараны дінтану мектебінің студенті Рустик Гаппасов жүргізді.
Диктантқа қатысқан сайыскерлердің жасы 12 мен 68 жас аралығында болды.
Сынақ Ұлы Отан соғысының басты оқиғалары мен батырлары туралы 25 сұрақты қамтыды, жауап беруге 45 минут уақыт берілді.
Акция қорытындысы бойынша барлық сайыскерлер зияткерлік сайысқа қатысқаны үшін сертификаттар алды; жеңімпаздар тізімі 2025 жылдың маусым айында «Жеңіс диктантының» ресми сайтында жарияланатын болады.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр