ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
29.04.2025, 12:00

Алматы теологиялық семинариясының ректоры протоиерей Евгений Ивановтың кандидаттық диссертациясын қорғауы өтті.

Алматы теологиялық семинариясының ректоры протоиерей Евгений Ивановтың кандидаттық диссертациясын қорғауы өтті.

28 сәуір 2025 жыл. Мәскеу. Апостолдарға тең әулиелер Кирилл мен Мефодий атындағы Жалпышіркеулік аспирантура мен докторантураның кандидаттық диссертациялық кеңесі (ЖШАД) теология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін беру үшін диссертациялар қорғауды өткізді.

Іс-шара ЖШАД ректоры протоиерей Максим Козлов төрағалымен өтті.

Қорғауға Астана және Қазақстан митрополиті Александр қатысты.

ЖШАД кандидаттық кеңесінің отырысы аясында Алматы теологиялық семинария ректорының м.а., Қазақстан Митрополиттік округінің ақпарат және баспа бөлімінің меңгерушісі протоиерей Евгений Ивановтың «1919-1919 жж.Қазақ КСР-дегі Орыс Православие Шіркеуі:  шіркеу-мемлекеттік қатынастары, епархия басқрамасы, приход өмірі» тақырыбында  кандидаттық диссертация қорғауы өтті.

Диссертация Діни ұйым – «Апостолдарға тең әулиелер Кирилл мен Мефодий атындағы жалпы шіркеулік аспирантура және докторантура» жоғары оқу орындарының рухани білім беру ұйымы негізінде деп жазылған.

Ғылыми жетекшісі - Первушин Михаил Викторович, филология ғылымдарының кандидаты, теология ғылымдарының кандидаты, ДҰ – «Апостолдарға тең әулиелер Кирилл мен Мефодий атындағы жалпы шіркеулік аспирантура және докторантура» ЖОО РБҰ доценті.

Ресми оппоненттер болғандар: шіркеу тарихының докторы, ғылыми-теологиялық жұмыстар жөніндегі проректор, Таврическая теологиялық семинариясының шіркеу-тарихи және гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, диакон Сергий Кульпинов; шіркеу тарихының докторы, философия ғылымдарының кандидаты, Владимир қаласының Шығыс қалалық деканат шіркеулерінің құрметті өкілі, Владимирский епархиясының миссионерлік бөлімінің басшысы иерей Аркадий Маковецкий. Жетекші ұйым - Смоленск теологиялық семинариясы. Диссертация авторефераты бес оң пікір алды.

Жүргізілген талқылаулар мен дауыс беру нәтижелері бойынша кандидаттың диссертациялық кеңесі Мәскеу және Бүкіл Русь Қасиетті Патриархы Кириллге протоиерей Евгений Ивановқа теология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін беру туралы өтінішхатын беру туралы шешім қабылдады.

Қорғаудан кейін Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы теологиялық семинариясы ректорының м.а. кандидаттық диссертациясының сәтті қорғалуымен құттықтады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді