4 мамыр 2025 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Оңтүстік астанадағы Вознесенский соборында рухани музыка концерті өтті.
Іс-шараның бастамашысы – Қазақстан Православие Шіркеуінің хатшысы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Митрополиттік округінің регені, орыс шіркеуінің ән өнерін дамыту жөніндегі Патриархалдық кеңестің мүшесі О.Н. Овчинников.
«Алматы көктемі» Халықаралық фестивалі аясында өткен концерттің бірлескен ұйымдастырушылары: Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, Вознесенский кафедралды соборының негізгі кілтшісі протоиерей Александр Суворов; Оңтүстік астананың Вознесенский кафедралды соборының клиригі «Шеберлер бөлмесі» жастарға арналған білім беру жобасының жетекшісі протоиерей Александр Иевлев; Қазақстан Митрополиттік округінің мәдениет бөлімі (басшысы – Ресейдің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Л.Е. Горичева); Алматыдағы Халықаралық музыкалық фестивальдердің, Еуропадағы өнер форумдарының арт-директоры Л.И. Романовская.
Концертке қатысқандар: Алматы қаласының Иверско-Серафимовский әйелдер монастырінің хоры (регенті – О.Б. Усольцева); Красноярск қаласының «София» балалар-жасөспірімдер хоры (Ресей) – (жетекшісі – Е.М. Плеханова); «Елім ай» балалар музыкалық хор мектебінің ұжымы (жетекшісі – Л.И. Романовская; «Дивертиссмент» скрипкашылар ансамблінің жетекшісі – С. Затуринская); әулие және евангелист Иоанна Богослов атындағы шіркеудің жексенбілік мектебінің аға хоры (жетекшісі – К.Г. Уперенко); Вознесенский кафедралды соборының жексенбілік мектебінің «Горенка» фольклорлық ансамблі (жетекшісі – А.Н. Стаценко); Оңтүстік астана халық әндері театрының ұжымы (жетекшілері – М. Гранова және О. Лебединская); Ақтау қаласындағы Маңғыстау өнер колледжінің студенттік хоры (жетекшісі – А.С. Сарғожаева); Оңтүстік астананың бас шіркеуінің «Цевница» православиелік-ән айту мектебінің хоры (жетекшісі – Н. Головина).
Музыкалық мерекенің қонақтары болғандар: шіркеулердің приходтары мен Оңтүстік астананың жексенбілік мектептерінің тәрбиеленушілері, Алматы теологиялық семинариясының студенттері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері.
Концерт басталмас бұрын протоиерей Александр Суворов жиналғандарға құттықтау сөзін айтты. Оңтүстік астананың бас шіркеуінің кілтшісі бағдарламаны ұйымдастырушыларды, шығармашылық топтарды және жиналғандарды Құдайдың құтқарушы Пасха мерекесімен құттықтап, бұл музыкалық іс-шараны өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Тыңдаушылардың назарына төмендегілер ұсынылды: игумен Филипптің (Моисеев) «Жалғыз туған ұл»; А.Гринченконың «Әнші Ана»; Д.Мурдың «Simple Allelula»; А.Висковтың «Пасха канты»; «Да на Ерыдане» рухани өлеңі; Сербиялық әулие Николайдың «Сенім мәңгілік»; И.Денисованың «Иеміхдік мейірімді көзімен».
Концерт соңында протоиерей Александр Суворов хор ұжымының жетекшілеріне Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың алғыс хаттары мен естелік сыйлықтарын табыс етті.
Музыкалық іс-шараның бейнетүсірілімін Қазақстан Митрополиттік округінің «Семиречье» телестудиясы жүргізді (директоры – еңбек сіңірген мәдениет қайраткері В.Л. Посаднева, операторы А. Шмидт); фотоға түсірген – А. Халин).
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр