5 мамыр 2025 жыл. Алматы. Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің рухани-мәдени орталығының тақ залында Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Красноярск қаласының «София» балалар- жасөспірімдер хорының әншілерімен кездесуі өтті.
Жақында Оңтүстік астананың Вознесенский кафедралды соборында өткен рухани музыкалық концертке Шығыс Сібірдің шығармашылық тобы қатысты.
Кездесуге қатысқандар: митрополиттің жеке хатшылығының меңгерушісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров; Митрополиттік хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин.
Митрополиттік округ Басшысы хор жетекшісі Е.М.Плехановты және балаларды Құдайдың құтқару Пасхасының жарқын мерекесімен құттықтады.
Архипастор шіркеу хоры әні еліміздегі Православие дәстүрін сақтауда, белсенді діндарларды, әсіресе, қалалық және ауылдық приходтардағы жастарды біріктіруде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
София хорының регенті Жоғары Мәртебелі мырзаға Жетісудың тарихи-мәдени інжу-маржаны – Вознесенский кафедралды соборындағы Құдайлық Литургия кезінде әнге қатысу мүмкіндігі үшін алғысын білдіріп, рухани музыка концертіне қатысудан алған жақсы әсерлерімен бөлісті.
Кездесу барысында митрополит Александр «София» балалар-жасөспірімдер хорының жетекшісі Е.М.Плехановаға Түркістан епархиясының тұңғыш архипастары, Ұлы Дала мен Жетісудың ағартушысы - архиепископ Софониидің (Сокольский) медалін табыс етті. Елена Мефодьевна өскелең ұрпаққа музыкалық-ағартушылық қызметтегі еңбегін үшін жоғары сыйлықпен марапатталды.
Митрополиттік округ Басшысы «София» балалар-жасөспірімдер тобын архиерейлік батасын берген грамотамен марапаттап, әншілерге естелік сыйлықтар табыс етті.
Хор жетекшісі Е.М.Плеханова иерархқа жоғары марапаты мен Оңтүстік астанаға барып, Алматы қаласының киелі жәдігерлеріне тағзым ету мүмкіндігі үшін алғысын білдірді.
Іс- шара соңында ұжымдық суретке түсті.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр