ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
07.05.2025, 14:40

Оңтүстік астанада Пасха мен Жеңіс күніне орай мәнерлеп оқу сайысы өтті

Оңтүстік астанада Пасха мен Жеңіс күніне орай мәнерлеп оқу сайысы өтті

4 мамыр 2025 жылы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Алматыдағы Никольский соборындағы шіркеу мәжіліс залында «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті.

Іс-шара Пасха мерекесі мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Қазақстан Православие Шіркеуінің істері басшысы Қаскелең епископы Геннадий басшылық еткен қазылар алқасының құрамында болғандар: Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество өкілдігі басшысының орынбасары М.С. Симакова; жоғары санатты педагог, филолог, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Г. Мартынов; Алматы қаласының Орталық жексенбілік мектебінің директоры Г.В. Черепанова; «Арыстан» мамандандырылған әскери лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.С. Уткин; Орталық жексенбілік мектебінің педагогі Л.М.Гизатуллина.

Шығармашылық байқаудың ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество өкілдігі мен Қазақстан Митрополиттік округі мәдениет басқармасының қолдауымен Оңтүстік астананың Орталық жексенбілік мектебі.

Байқауға Алматы епархиясының 12 жексенбілік мектебінен 7 жас тобы бойынша, 5-6 жас, 7-8 жас, 9-10 жас, 11-12 жас, 13-14 жас, 15-16 жас, 17 жас және одан жоғары жас аралығында 80 оқушы сынға түсті.

Тыңдағаннан кейін епископ Геннадий поэзия байқауына қатысушыларға сөз сөйледі. Епископ поэзиямен жұмыс істеу үшін практикалық кеңестер берді және ұйымдастыру комитетіне тамаша ұйымдастыру үшін алғысын айтты.

Россотрудничествоның Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің басшысы М.С. Симакова қазіргі заманда өскелең ұрпақ үшін мұндай шаралардың маңыздылығы мен қажеттілігіне тоқталды.

Орталық жексенбілік мектебінің директоры Г.В. Черепанова Епископ Геннадийге, мұғалімдерге және ата-аналарға алғысын білдірді.

Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаз атанғандар:

Жастық тобы 5-6 жас

I орын – Филиппова Марина, Орталық жексенбілік мектебі;

II орын – Каледина Богдана және Ярошенко Марина, Орталық жексенбілік мектебі;

III орын – Плотникова Александра, Орталық жексенбілік мектебі және Асимов Рафаэль,

Алматы қаласындағы қасиетті ұлы шейіт Параскева шіркеуінің жексенбілік мектебі.

Жастық тобы  7-8 жас

I орын– Внуков Тихон, Іргелі ауылындағы Никольский шіркеуінің жексенбілік мектебі;

II орын – Решетина Алиса, қасиетті ұлы шейіт Параскева Пятница шіркеуінің жексенбілік мектебі және Хлопотенко Анфиса, Оңтүстік астананың апостол Иоанн Богослов шіркеуінің жексенбілік мектебі;

III орын – Гизатуллина Анастасия, Алматыдағы Қазан соборының жексенбілік мектебі, Беляева Дарья және Даутов Тимур, апостол Иоанн Богослов шіркеуінің жексенбілік мектебі;

Ынталандыру сыйлығы– Будилова София және Пикалова Мария, Орталық жексенбілік мектебі, Бледных Лука, қасиетті ұлы шейіт Параскева шіркеуінің жексенбілік мектебі.

Жастық тобы   9-10 жас

I орын – Внукова София, Іргелі ауылындағы Никольский шіркеуінің жексенбілік мектебі;

II орын – Коган Мэри, Орталық жексенбілік мектебі және Колесникова Ксения, Алматыдағы Қазан соборының жексенбілік мектебі;

III орын– Мамонтова София, Орталық жексенбілік мектебі, Дмитриенко Ангелина, қасиетті апостол Иоанн Богослов шіркеуінің жексенбілік мектебі және Михеев Платон, Бағанашыл шағын ауданының қасиетті апостолға тең  кнәз Владимир шіркеуінің жексенбілік мектебі;

Ынталандыру сыйлығы– Терентьев Егор, Орталық жексенбілік мектебі.

Жастық тобы  11-12 жас

I орын – Аутова Елена, қасиетті апостол және Иоанна Богослов шіркеуінің жексенбілік мектебі;

II орын – Кодинцев Богдан, Центральная воскресная школа және Сучкова Виктория, қасиетті апостол Иоанна Богослов шіркеуінің жексенбілік мектебі;

III орын– Будаев Илья, Орталық жексенбілік мектебі, Конаков Захар және Топорова Валерия, қасиетті апостол Иоанна Богослов шіркеуінің жексенбілік мектебі, Решетин Тимофей, қасиетті ұлы шейіт Параскева Пятница шіркеуінің жексенбілік мектебі;

Ынталандыру сыйлығы – Колесников Николай, Алматыдағы Қазан соборының жексенбілік мектебі.

Жастық тобы  13-14 жас

I орын – Винникова Анастасия, қасиетті ұлы шейіт Параскева Пятница шіркеуінің жексенбілік мектебі;

II орын – Высоцкая Варвара и Соболев Алексей, Орталық жексенбілік мектебі;

III орын – Ливец Злата, қасиетті ұлы шейіт Параскева Пятница шіркеуінің жексенбілік мектебі және Хасанова Анна, Орталық жексенбілік мектебі;

Ынталандыру сыйлығы – Обухова Марина, Өтеген батыр ауылындағы әулие Адриана мен Наталья шіркеуінің жексенбілік мектебі.

Жастық тобы  15-16 жас

I орын– Петрова Мария, Орталық жексенбілік мектебі;

II орын – Русинова Дарья, Орталық жексенбілік мектебі;

III орын– Цуканов Дмитрий, Оңтүстік астанадағы Асийлық әулиелер Косма және Дамиан шіркеуінің жексенбілік мектебі;

Ынталандыру сыйлығы – Гаевский Роман, Бағанашыл шағын ауданының қасиетті апостолға тең  кнәз Владимир шіркеуінің жексенбілік мектебі.

Жастық тобы17 жастан жоғары

I орын – Кравченко Константин, Бағанашыл шағын ауданының қасиетті апостолға тең  кнәз Владимир шіркеуінің жексенбілік мектебі;

II орын– Лаюрова Дарья, Алматы қаласындағы Никольский шіркеуінің жексенбілік мектебі;

III орын – Василенко Кира, Орталық жексенбілік мектебі.

Іс-шара аясында Алматы қаласындағы жексенбілік мектептердің оқушылары қатысқан Пасха суреті мен қолөнер көрмесінің, сондай-ақ «Пасха жұмыртқасы» халықаралық сәндік-қолданбалы өнер байқауының қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау болды.

«Қолөнер» номинациясы

I орын – Орталық жексенбілік мектебі;

II орын – Вознесенский кафедралды соборының жексенбілік мектебі және Иверско-Серафимовский әйелдер монастырінің  жексенбілік мектебі;

III орын – қасиетті апостолға тең  кнәз Владимир шіркеуінің жексенбілік мектебі және  Оңтүстік астанадағы Асийлық әулиелер Косма және Дамиан шіркеуінің жексенбілік мектебі.

«Сурет салу» номинациясы

I орын – Алматыдағы Қазан соборының жексенбілік мектебі;

II орын – – қасиетті апостолға тең  кнәз Владимир шіркеуінің жексенбілік мектебі және қасиетті апостол Иоанна Богослов шіркеуінің жексенбілік мектебі

III орын– Орталық жексенбілік мектебі және Иверско-Серафимовский әйелдер монастырінің  жексенбілік мектебі;қазан

«Пасха жұмыртқасы» байқауының жеңімпаздары

I орын – Овсиенко София, Орталық жексенбілік мектебі;

III орын – Шамсутдинова Кристина, қасиетті ұлы шейіт Параскева Пятница шіркеуінің жексенбілік мектебі.

Орталық жексенбілік мектеп мұғалімдері - В.Н. Попов пен Т.Н. Ремизова «Пасха жұмыртқасы» Халықаралық байқау-фестивалінің облыстық кезеңін ұйымдастырып, өткізгені және сәндік-қолданбалы өнерді дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін марапатталды.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді