11 мамыр 2025 жылы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Шамалған стансасының Владимирский приходында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Кремльден Рейхстагқа дейін» атты оқушылардың викторинасы өтті.
Алматы епархиясының ағартушылық қызмет ету комиссиясы ұйымдастырған іс-шараға жексенбілік мектеп тәрбиеленушілерінің командалары қатысты.
Зияткерлік сайысты бастамас бұрын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы А.Қ. Уварова балаларға өзінің әкесі - соғыс ардагері, кеңестік және қазақстандық гляциолог Константин Григорьевич Макаревичтің жауынгерлік жолытуралы айтып берді. (1922-2017).
Одан кейін іс-шараға қатысушылар Ұлы Отан соғысының тарихына байланысты сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды шешіп, үстел ойындарын ойнады.
Викторинаның қорытындысы бойынша Алматының апостол Иоанна Богослова құрметіне арналған шіркеудің, Боралдай ауылындағы Иверский шіркеуінің, Қаскелең қаласындағы Михаило-Архангельский соборы және Байкент ауылындағы құрметті Серафим Саровский шіркеуінің командалары жеңімпаз атанды.
Барлық қатысушыларға Алматы епархиялық басқармасына сыйға тартылған төсбелгілер, үстел ойындары және Ұлы Отан соғысының тарихына арналған кітаптар табысталды.
Құдай Анасының Қазан белгішесі күні. Митрополит Александр Литургияны тақ мерекесін атап өтіп жатқан Оңтүстік астананың ең көне шіркеуінде өткізді
ТолығырақМитрополиттік округ Басшысы Алматыдағы Вознесенский кафедралды соборында жексенбілік Литургияны өткізді
ТолығырақӨскемен епархиясының бас шіркеуіне Чех Республикасының парламентариясы мен дипломаттарынан құралған делегация келді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр