ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
20.05.2025, 13:15

Орталық жексенбілік мектепте «Естелік актісі» атты мерекелік концерт өтті

Орталық жексенбілік мектепте «Естелік актісі» атты мерекелік концерт өтті

18 мамыр 2025 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Никольский соборы жанындағы Орталық жексенбілік мектепте Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Естелік актісі» атты мерекелік концерт өтті.

Музыкалық кешің қонақтары болғандар: Қазақстан Православ Шіркеуінің істері басшысы Қаскелең епископы Геннадий; Қазақстан Митрополиттік округінің мәдениет басқармасы басшысы Л.Е. Горичева; Алматы қаласындағы жексенбілік мектептердің дін қызметкерлері, ұстаздары мен оқушылары; Никольский соборының приходтары.

Іс-шараға орталық жексенбілік мектебінің ұстаздары мен тәрбиеленушілері қатысты.

Концерт барысында жас өнерпаздар кеңес ақындары -  Ольга Берггольц, Анна Ахматованың соғыс туралы өлеңдерін; епископ Геннадийдің (Гоголев) «Солдатский переулок» өлеңін, сондай-ақ қоршауда қалған Ленинград балаларының күнделіктерінен үзінділер оқыды.

Көрермендердің назарына «Фокстрот Рио-Рита», «Қорғаныс жауынгерлерінің биі» би нөмірлері; «Соғыс Пасхада аяқталды» вокалдық-хореографиялық композициясы; «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» әдеби-музыкалық қойылымы; орталық жексенбілік мектеп хорының орындауында соғыс жылдарындағы әндер ұсынылды.

Кеш соңында епископ Геннадий өнер көрсеткендерге еңбектері үшін алғысын білдіріп, жиналғандарға өзінің Ленинград қоршауынан аман өткен ардагерлермен және адамдармен кездесулері туралы айтып берді.

Епископ Геннадийге, ұстаздар және ата-аналарға  Орталық жексенбілік мектебінің директоры Г.В. Черепанова алғысын білдірді.

Мерекелік іс-шара соңында ұжымдық суретке түсті.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді