23 мамыр 2025 жыл. Алматы. Қазақстан Митрополиттік округінің әкімшілік және рухани-мәдени орталығында Астана және Қазақстан митрополиті Александр Орталық жексенбілік мектебінің оқушысы Дарья Русинованы «Өте іскер» медалімен марапаттады.
Қазақстан Митрополиттік округінің ілтипат белгісі Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысының батасымен мектеп оқушылары мен студенттеріне білім берудегі ерекше табыстары мен көрнекті шығармашылық жетістіктері үшін табысталады.
Дарья - 8-9-сыныптар арасындағы «Лето Господне» Халықаралық әдеби байқауының XI маусымының жеңімпазы. Орыс Православие Шіркеуінің Баспа кеңесі Мәскеудегі әулие Филерет атындағы рухани-ағартушылық бағдарламалар орталығының қатысуымен және Президенттік гранттар Қорының қолдауымен ұйымдастырылған шығармашылық байқау 22-25 наурыз аралығында Мәскеуде өтті. Жұмыстарды сараптау кеңесінің құрамындағы педагог-тіл мен әдебиет мұғалімдері бағалады. Жеңімпаздардың шығаррмалары «Алтынның күн Сәулесі» және «Күміс сәуле» байқауларының финалистерінің ең үздік шығармашылық жұмыстарының екі жинағында жарияланатын болоды.
Марапаттау рәсіміне қатысқандар: Қазақстан Митрополиттік округінің ақпарат бөлімінің басшысы протоиерей Евгений Иванов; митрополиттің жеке хатшылығының меңгерушісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров; Митрополиттің хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин; Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Митрополиттік округі мәдениет басқармасының басшысы Л.Е. Горичева; Орталық жексенбілік мектеп директоры Г.В. Черепанова.
Митрополит Александр Дарья Русиноваға Жаратқан Иенің мейірімін және шығармашылық табыс тілей отырып, диплом мен естелік сыйлықты табыс етті.
Иерарх Галина Васильевна Черепанованы Алғыс хатпен марапаттады.
Шығармашылық байқауды жыл сайын Орыс Православие Шіркеуінің Баспа кеңесі Мәскеулік әулие Филерет атындағы рухани-ағартушылық бағдарламалар орталығының қатысуымен және Президенттік гранттар Қорының қолдауымен өткізеді.
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен іс-шараға Алматының Никольский соборындағы Орталық жексенбілік мектебінің тәрбиеленушілері қатысты. Сайыс басталған конкурстың сырттай кезеңіне бес оқушы қатысты: Кира Василенко, Евгения Корниенко, Дарья Лаюрова, Дарья Русинова және Анна Селина.
Шығармашылық байқаудың барлық кезеңдерін қорытындылау нәтижесінде Дарья Русинова 22-25 наурызда Мәскеуде өткен байқаудың ақтық кезеңіне шықты.
Іштей жұмыстың жазылуы 23 наурызда өтті. Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 8-9 сыныптар арасында Дарья Русинова жеңімпаз атанды.
25 наурызда Құтқарушы Христос соборының Ақ залында Орыс Православие Шіркеуінің Баспа кеңесінің төрағасы, Калужск және Боровск митрополиті Клименттің басшылығымен байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы Ресей елшісі А.Н. Бородавкинмен кездесу өткізді
ТолығырақАстанада Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысының Ватикан Елшісімен кездесуі өтті
ТолығырақҚазақстан Митрополиттік округінің ғибадатханалары мәңгі есте қалатын архиепископ Елевферийді (Козорез) еске алды
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр