23 мамыр 2025 жыл. Петропавл. Радонежский Әулие Сергий атындағы православиелік гимназияда «Соңғы қоңырау» мерекесі өтті.
Салтанатты шараны Петропавл және Булаевск архиепископы Владимир басқарды.
Іс-шараға қатысқандар: Бүкіл Әулиелер шіркеуінің кідтшісі иерей Антоний Шувакин, гимназияның әкімшілігі, мұғалімдер мен түлектері, сонымен қатар оқушылардың ата-аналары.
Мереке мектеп алаңында өтіп, оның алдында мемлекеттік әнұран орындалып, мемлекеттік ту көтерілді.
Салтанатты шараны ашқан архиепископ Владимир жиналғандарды құттықтады. Иерарх, өз кезегінде, гимназия ұжымына еңбектері үшін ризашылығын білдіріп, оқушыларға алдағы істеріне ақ батасын берді.
Үздіктерді марапаттағаннан кейін Жоғары Мәртебелі әрбір түлекке естелік сыйлық – Киелі кітаптың мерейтойлық басылымының көшірмесін табыс етті.
Одан кейін жиналғандардың назарына мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.
Салтанатты жиын соңында 11 және 9 сынып түлектері қоштасу вальсін орындап, одан кейін дәстүрлі соңғы қоңырау соғылды.
Іс-шара соңында ұжымдық суретке түсті.
Құдай Анасының Қазан белгішесі күні. Митрополит Александр Литургияны тақ мерекесін атап өтіп жатқан Оңтүстік астананың ең көне шіркеуінде өткізді
ТолығырақМитрополиттік округ Басшысы Алматыдағы Вознесенский кафедралды соборында жексенбілік Литургияны өткізді
ТолығырақӨскемен епархиясының бас шіркеуіне Чех Республикасының парламентариясы мен дипломаттарынан құралған делегация келді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр