18 маусым 2025 жылы Орыс Православие Шіркеуінің Баспа кеңесінде іштей-қашықтықтан оқу форматында қоғамдық өмір, мәдениет, ғылым және ақпарат мәселелері бойынша Кеңесаралық қатысу Комиссиясының отырысы өтті.
Кездесу Баспа кеңесінің басшысы, қоғамдық өмір, мәдениет, ғылым және ақпарат жөніндегі Комиссия төрағасы, Калужск және Боровск митрополиті Клименттің төрағалығымен өтті.
Пленум жұмысына Қазақстан Митрополиттік округінің істері басшысы Қаскелең епископы Геннадий қатысты. Отырысты Калужск және Боровск митрополиті Климент ашты. Ол өзінің сөзінде қазіргі заманғы технологиялардың жаңа ұрпаққа ықпалын, яғни өте ерте жастан ақпаратты тез және үстірт алу дағдысы пайда болған кезде, оқығанды терең түсініп және жеке тұлғаны тәрбиелеуге қажетті білімді алу мүмкін еместігін, сондықтан христиандық дүниетанымға ғылыми-техникалық дамудың міндеттері тақырыбы өзекті болып қала беретіндігін ерекше атап өтті.
Әрі қарай жиналғандар жұмыс топтары қызметінің аралық нәтижелерін қарастыруға кірісті.
«Заманауи сын-қатерлерге қарсы тарихи Русь халықтарының бірлігі» тақырыбын жұмыс тобының жетекшісі Можайск епископы Иосиф және оның хатшысы С.В. Перевезенцев ұсынды.
Протоиерей Александр Абрамов «Жасанды интеллект және христиандық дүниетанымдағы ғылыми-техникалық дамудың басқа да сын-қатерлері» бағыты бойынша жұмыстың барысы туралы айтты.
Тему «Единство народов исторической Руси перед лицом современных вызовов» представили руководитель рабочей группы епископ Можайский Иосиф и ее секретарь С.В. Перевезенцев.
С сообщением о ходе работы по направлению «Искусственный интеллект и иные вызовы научно-технического развития христианскому мировоззрению» выступил протоиерей Александр Абрамов.
Қаскелең епископы Геннадий христиандық этика және әлеуметтік әділеттілік саласындағы құжат бойынша жұмыс туралы айтты. Архипастор тексеру және толықтырулар енгізу үшін комиссияның барлық мүшелеріне жолданған құжаттың тұжырымдамасымен қысқаша таныстырды.
«Шіркеу және кинематограф: дәстүрлі құндылықтарды қорғау саласындағы ынтымақтастық перспективалары» жұмыс тобының жетекшісі Н.П. Бурляев кинематография саласында жасанды интеллект технологияларының қауіпті ағыны жүріп жатқанын, ол негізінен батыстың, массалық мәдениеттің қолында қауіпті ойыншыққа айналғанын хабарлады.
Келесі сөз кезегі «Отбасы дағдарысы және халықты қорғау» жұмыс тобының жетекшісі М.А.Тюренковке берілді. Ол адамгершілікке сүйенбей, жақсылық пен жайлылыққа ұмтылудың жанама әсеріне айналған қоғамда көп балалы болу туралы теріс пікірге қарсы тұрудың маңыздылығын айтты.
Діни қызметкер Святослав Рогальский Минскіде өткен Халықаралық конференцияда Кеңесаралық қатысу комиссиясы мүшелерінің сөйлеген сөздері жайлы , атап айтқанда Е.Е.Жуковскаяның «Дәстүрлі қоғамдарға прогрессивті сын-қатерлер: жоғары технологиялар әлеміндегі адамгершілік шектері мен принциптері» баяндамасын оқығанын айтты.
Кездесу соңында барлық бағыттар бойынша алдағы айларға міндеттер айқындалып, әр топтың жұмысы аясында іс-шаралар жоспарланды.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр