20 маусым 2025 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Алматы теологиялық семинариясында күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің 4 курс студенттерінің білікті бітіру жұмыстарын қорғауы өтті.
Қорытынды аттестаттау комиссиясын Астана епархиясының викарийі Талдықорған епископы Клавдиан басқарды.
Жұмыс тобының құрамына кіргендер: Алматы теологиялық семинариясының ректоры протоиерей Евгений Иванов; әрбие жұмысы жөніндегі проректор иерей Иоанн Ливинский; оқу жұмысы жөніндегі проректор иерей Петр Бахтияров; ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, философия ғылымдарының кандидаты А.П.Соловьев; библия-теология бөлімінің меңгерушісі, теология ғылымдарының кандидаты иерей Олег Лисин; шіркеу-тарихы кафедрасының меңгерушісі протоиерей Александр Гайченя; шіркеу-практикалық бөлімінің меңгерушісі, теология ғылымдарының кандидаты В.П. Пашков; Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, Вознесенский соборының кілтшісі, АПДС ғылыми қызметкері, протоиерей Александр Суворов; шіркеу-тарихы бөлімінің хатшысы, Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров; сырттай жұмыс бөлімінің меңгерушісі иерей Даниил Бобылев; Теологиялық мектеп канцеляриясының меңгерушісі иерей Александр Шишлов; шіркеу-практикалық кафедрасының оқытушысы, иеромонак Исаак (Истелюев); Шіркеу тарихы кафедрасының оқытушысы иеромонах; Кирилл Фрейганг шіркеу-тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері иерей; Михаил Березина; Алматы теологиялық семинариясының шіркеу-практикалық бөлімінің оқытушысы диакон Иоанн Чуркин; Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Митрополиттік округі мәдениет басқармасының басшысы Л.Е. Горичева.
Жиналғандар игі іс басталар алдында дұға оқып, одан кейін епископ Клавдиан оқытушылар құрамы мен студенттерді қарсы алып, жиналғандарға Қазақстан Православие Шіркеуі Басшысының батасын жеткізді.
Студенттердің баяндамаларынан кейін аттестациялық комиссияның отырысы өтіп, қорғау қорытындысы жарияланды. Педагогтар ұсынылған дипломдық жұмыстардың жақсы сапасын және олардың шіркеу дамуының қазіргі кезеңінде өзектілігін атап өтті.
Алматы семинариясының ректоры протоиерей Евгений Иванов жиналғандар атынан профессорлық-оқытушылық құрамға күш-жігерлері үшін алғысын білдірді, сонымен қатар бітірушілер мен олардың ғылыми жетекшілерін сәтті қорғауларымен құттықтады.
Іс-шараның бейнежазбасын түсіргендер: Қазақстан Митрополиті округінің «Семиречье» телестудиясы (директоры – еңбек сіңірген мәдениет қайраткері В.Л. Посаднева, операторы А.Шмидт) және «ELEOS-MEIRIM» қоғамдық қорының қолдауымен YouTube желісіндегі «Прообраз» арнасының ұжымы (директоры – В.М. Капсамун); фотоға түсірген - А. Халин.
Алматы теологиялық семинариясында білікті бітіру жұмыстарын қорғау өтті
ТолығырақҚаскелең епископы Геннадий қоғамдық өмір, мәдениет, ғылым және ақпарат мәселелері жөніндегі Кеңесаралық қатысу Комиссиясының отырысына қатысты
ТолығырақАлматыда Қазақстан Митрополиттік округінің ашық тарихи қоғамының отырысы өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр