24 маусым 2025 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен 2025-2026 оқу жылына Алматы православиелік теологиялық семинариясының пасторлық, регенттік және катехизаторлық бөлімдеріне оқуға қабылдау үшін құжаттарды қабылдау басталды.
Құжаттарды қабылдау 24 маусым мен 24 тамыз аралығында Алматы қаласы, Бәйшева көшесі, 28/7 мекенжайы бойынша теологиялық оқу орнының кеңсесінде өтеді.
Өзге қаланың үміткерлері құжаттарды қашықтан электронды форматта семинарияның электрондық мекенжайына жібере алады: seminaria.kz@yandex.ru (құжаттардың сканерлері жіберіледі).
Қабылдау емтихандары 25-26 тамызда өтеді.
Құжаттар тізімі мен Алматы православиелік теологиялық семинариясына қабылдау ережелерімен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады:
https://seminaria.kz/ochnoe-obuchenie/#
Барлық сұрақтар бойынша телефон немесе WhatsApp арқылы: +7 771 55 82 377 және электрондық мекенжай бойынша хабарласыңыз: seminaria.kz@yandex.ru
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр