ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
26.06.2025, 17:05

Алматының Орталық жексенбілік мектебінде кешкі теологиялық курстардың бітіру кеші өтті

Алматының Орталық жексенбілік мектебінде кешкі теологиялық курстардың бітіру кеші өтті

20 маусым 2025 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Никольский соборының Орталық жексенбілік мектебінің жанындағы кешкі теологиялық курстар аясында 2024-2025 оқу жылының қорытынды сабағы өтті.

Іс-шараны Қазақстан Православие Шіркеуінің істері басшысы Қаскелең епископы Геннадий басқарды. 

Кездесуге қатысқандар: Орталық жексенбілік мектеп директоры Г.В. Черепанова; педагогтар иеродиакон Афанасий (Козел), дикон Андрей Плахута, Л.М.Гизатуллина, В.Н. Попов, Л.З. Александрович.

Билеуші жиналғандарға құттықтау сөзін сөйлеп, одан кейін Ұлы Отан соғысы поэзиясы бойынша дәрісін оқып, жиналғандардың сұрақтарына жауап берді.

Г.В. Черепанова Жоғары Мәртебеліге  жиналғандар атынан ризашылығын білдірді. Түлектер өз кезегінде Астана және Қазақстан митрополиті Александрға, Қаскелең епископы Геннадийге, Никольский соборының басшысы протоиерей Валерий Захаровқа және ұстаздарға еңбектері үшін алғыстарын білдіріп, зор денсаулық, жауапты қызметтерінде табыс тіледі.

Астана және Алматы архиепископы Алексийдің (қазіргі Тульский және Ефремовский митрополиті) батасымен Орталық жексенбілік мектепте 2001 жылдан бастап қызығушылық танытқандар үшін аптасына екі рет – сәрсенбі және жұма күндері өткізілетін екі жылдық теологиялық курстары жұмыс істейді. Сабақтардың негізгі мақсаты – православие ілімінің негіздерін жүйелі оқытуды ұйымдастыру.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді