Қазақстан Митрополиттік округінің баспасы Қазақстандағы Православие Шіркеуінің 2026 жылға арналған күнтізбесін – ресми күнтізбелік- литургиялық, сондай-ақ дәстүрлі түрде Қазақстандағы православ шіркеулері алдағы жылы өмір сүріп, дұға ететін күнтізбені және анықтамалық бөлімдерді біріктіретін анықтамалық басылымды шығарды.
Алдағы жылға жасалған күнтізбе Орыс Православие Шіркеуі мен Қазақстан Митрополиттік округі үшін алдағы жыл бірқатар есте қаларлық күндер және мерейтойлармен белгіленген. 2026 жылы православиелік сенушілер Иерусалимде Әулие патшайым Еленаның Киелі кресті пен шегелерінің табылғанына 1700 жыл, Киев, Мәскеу және бүкіл Ресей митрополиті Әулие Петрдің қайтыс болғанына 700 жыл және Почаев игумені қасиетті Иовтың қайтыс болғанына 375 жыл толуын дұға етіп атап өтетін болады.
Алдағы жылы Қарағандының қасиетті конфессері Севастианның қайтыс болғанына 60 жыл; Қазақстанның көктегі қорғаушылары – қасиетті шейіт Серафим мен Алматылық Феогносттың жәдігерлерінің табылғанына 25 жыл; көрнекті рухани ағартушы – Түркістан және Ташкент епископы Александрдың (Кульчицкий) туғанына 200 жыл толуына арналған мерекелік шаралар өтеді.
Оңтүстік астанадағы ең көне шіркеулердің бірі - Әулие Николай Ғажайып жасаушы соборының Орыс Православие Шіркеуіне қайтарылғанына 80 жыл толып отыр. 1946 жылы Алматы мен Қазақстанның қасиетті конфессері митрополит Николайдың (Могилевский) күш-жігерімен Никольский соборы Православие Шіркеуіне қайтарылды және онда құдайлық қызмет ету қайта жанданды.
2026 жылы Қазақстанның Православие Шіркеуі Орал және Шымкент епархияларының канондық мәртебесінің бекітілгеніне 35 жыл толуын, сондай-ақ Көкшетау, Петропавл және Өскемен епархияларының құрылғанына 15 жыл толуын атап өтеді.
Орыс Православие Шіркеуінің дәстүріне сәйкес, жылдың әр күніне арналған күнтізбеде қасиетті әулиелердің есімдерінің тізімі, шіркеу тарихындағы оқиғалар, ең қасиетті Құдай Анасының құрмет тұтатын бейнелері, Шіркеу өткізетін еске алу және атап өту жоралғылары және қызмет кезінде оқылатын Қасиетті Жазба үзінділеріне сілтемелер, ал ерекше жағдайларда - ораза туралы нұсқаулар және қысқаша литургиялық және жарғылық жазбалар көрсетілген. Қазақстанның жаңа шейіттері мен діндарларын еске алу күндері және Округте қастерленген Құдай Ана иконалары ерекше түрде белгіленген.
Анықтамалық бөлім Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округінің архипастырлары мен епархиялары туралы мәліметтер, толық байланыс ақпараты және епископтың фотосуреттерін; Қазақстан Рравославие Шіркеуінің жоғары рухани оқу орны – Алматы православиелік рузани семинариясы туралы ақпаратты қамтиды.
Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы, Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кириллдің портретімен ашылатын басылым жақсы көркемделген. Жоғары сапалы фотосуреттер Қазақстандағы шіркеу өміріндегі оқиғаларды және 2024-2025 жылдардағы Митрополит округі Басшысының қызметін көрсетеді. Ең маңызды оқиғалардың қатарында Астана және Алматы епархиясының құрылғанына 25 жыл толуын мерекелеу және Мәскеудің Қасиетті Матронасының жәдігерлерін Қазақстанға әкелінуі; Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу; және «Метрополиттік округтегі регенттік қызмет ету. Шеберлікке жол» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізілуі көрсетілген.
Күнтізбелік мұқабаның 1-ші бетінде Алматы қаласындағы Ресейдің Шомылдыру рәсімін жасаушы, елшілерге тең ұлы кнәз Владимирдің құрметіне арналған ғибадатхана бейнеленген.
Мұқабаның 3-ші беті қасиетті шейіт иеромонах Серафим мен Феогностың белгішелерімен безендірілген.
Мұқабаның 4-ші бетінде Екібастұз қаласындағы Құдай Ананың Иверская белгішесі мен әулие Серафим Саровтың құрметіне арналған собордың фотосуреті бейнеленген.
Басылым Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен жүзеге асырылуда.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр